Енем менен құтылу үшін немересін өлтірді

Oinet.kz 05-01-2022 1921

Маржан (ред. аты-жөні өзгертілді) осыдан бес жыл бұрын тұрмысқа шығып, енесімен бірге тұрған. Бірінші күннен бастап шаңырағына түскен келіншекті жақтырмаған әйел оның үйден кетуі үшін түрлі әрекеттерге барған көрінеді.

Screenshot_1.jpg

Кей кездері тіпті көріпкелдің көмегіне жүгініп, дуалап тастаған күндері де болыпты. "Бұрынғы жолдасыммен жарты жылдай жүріп, үйлендік. Ресейден келген қазақтар болатын, аздап орысша тәрбиеленген отбасылардың қатарынан еді. Күйеуім енемнің жалғыз ұлы болғандықтан болар, ол мені алғашқы күннен бастап-ақ дұрыс қабылдамады. Ол аздай түрлі бақсы-балгерге апарып, жол ашқызатын. Сөйтсе ол жол ашқызбай, керісінше, дуалаған екен. Ол кезде жаспыз, қайда апарса да көніп жүре беретінмін. Бір күні аяғымның ауыр екенін білдім. Оны жолдасыма да, енеме де айттым. Бірақ қуанған адамдарды байқамадым. Енем керісінше, бұрынғыдан бетер тиісіп, мені одан сайын жек көріп кеткендей болды. Ақыр соңында балам туа бітті сал ауруға шалдығып, үш айлығында шетінеп кетті", - дейді келіншек.

Жас ана баласының шетінеп кеткеніне әлі күнге дейін енесін кінәләйді екен.

"Аяғы ауыр адамды кім емші-тәуіптерге апарады, айтыңызшы? Қазір ойлап қарасам, сол кезде өзімді де, іштегі баламды да дуалап немесе қарғап тастаған шығар. Әттең ол кезде бала болдым, әйтпесе өлсем де айтқандарына көнбейтін едім.

Балам шетінеп кеткен соң күйеуіммен айырылысып, өз үйіме қайттым. Сөйтіп жүргенде қазіргі екінші күйеуімді кездестірдім. Одан балам бар, құдайға шүкір.

Кейін бір көріпкелге барғанда, менің бұрынғы үйімдегі төсегімнен түйрегіш пен бір уыс күріш табасың деді.

Бастапқыда сенбегенмін, бірақ кейін үйге барып қарасам, расында да төсектен әлгіндей заттардың шыққанын көріп шошыдым. Көріпкел айтқандай ол мені де, құрсақтағы баланы да дуалап тастаған екен.

Қазір екінші күйеуімнің енесі өте жақсы, кең адам.Бұрын күйеуде болғанымды ешқашан бетіме басқан емес. Керісінше маған барынша қолдау көрсетуге тырасады.

Ал әлгіндей әрекетке барған әйелді әлі күнге дейін кешірмеймін. Себебі тұла бойы тұңғышымды осылай айдың-күннің аманында жер жастандырды. Құдай өзі кешірсін ол адамды, басқа айтарым жоқ", - дейді Маржан.

Еl24.kz

Қызын көпшіліктің көзінше тепкілеген әкенің тағдыры жұртты шошытты
Атасының сөзі үшін 7 жыл сөйлемеген келін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу