Күйеуден қайтқан қайын әпкелерім түбіме жететін сияқты

Oinet.kz 02-03-2022 5871

Барар жерім, басар тауы жоқ бейбақпын. Анам ғана бар. Оның өзін біреулер қарап отыр.  Анамның мамандығы  - есепші. 

Screenshot_3.jpg

Сексен сегізінші жылы бір мекемеде жұмыс істеп жүргенін де есептен  қателесіп, содан істі  болған. Сол күннен ауру. Өзіне-өзі қарай алмайды. Туған сіңілсінің қолында. Өзіме келер болсам, ішкенім ірің, жегенім желім. Күйеуге шыққалы мені бір уайым жеп барады.

Алдын екі рет күйеуден дəм-тұзымыз жараспай үйге келген едім.  Мынау, үшінші рет барған жерім. Үйде екі бірдей күйеуден қайтқан əпкелерім бар. Түк жұмыс жасамайды. Ауылда жұмыс жоқ деп, ауыздарын құр шөппен сүртуге дағдыланып алған. Мінезге жарымаған. Көгеріп, ұрыс іздеп отырады.

Мен ауылда балабақшада тəрбиеші болып жұмыс істеймін. Алатын айлығым отыз мың ғана. Айлық алған күні үйде қып-қызыл  ұрыс болады. Өзім тапқан ақшаны өзіме жұмсатпай ақшамды тартып алатынынан əбден зəрезап болдым. Жолдасыма айтудан қажыдым. Үстіме ілер жөні түзу бір киімім жоқ.  Киім алуға бір тиын бермейді. Енем қыздарын жақтайды. Маған сөйлеуге, əдемі киінуге рұқсат жоқ. Күйеуден қайтқан əйел болған соң тілім қысқа. Сəл бірдеңе десем, əпкелерім жұлуға дайын. Бір-екі рет жұлды да. Бəрін тастап кеткім-ақ келеді. Қағар есікті қайдан табам?  

Сөге жамандамаңыздар. Сырымды бөлісетін ешкімім жоқ. Тек шер тарқатып алу үшін ғана жазып отырмын. Адам маңдайға жазғанан қашып ешқайда құтыла алмайды екен. Анам қыз тапқанда осылай үш күйеуге тиеді деп ойламаған да шығар...

el24kz

Анам тас жүрек болып барады...
Қызын көпшіліктің көзінше тепкілеген әкенің тағдыры жұртты шошытты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу