Анам тас жүрек болып барады...

Oinet.kz 02-03-2022 2175

Мен колледж студентімін, жасым 17-де. Менің анаммен қарым-қатынасым нашарлау. Анамды құшақтамағанмын, бір-бірімізге жылы сөз айтпағанбыз, ешқашан сырласпағанбыз. Анам өзі тас жүрек адам.

Screenshot_2.jpg

Мені 19 жасында туған, туған сон 1 жылға жетпей əкем ауырып қайтыс болған. Мүмкін анамның жүрегі тас болып қатып қалуынына əкеммен армандаған бақытты отбасын құра алмай қалғаны себеп болған шығар. Әйтеуір ана махаббатын сезіне алмадым.

Жаңа оқу жылында колледжде жаңа мұғалім (əйел адам) келді. Ана махаббатын сол мұғалімнен сезінгендей болдым... "неге мен осы кісінің баласы емеспін? Ең болмаса біздің куратор болса ғой..." деееп ойлаушы едім. Сол мұғалімнің киген киімі, жүрісі, шашы, сөйлеу мәдениеті мені тамсандыратын. Қысқасы  кумирім болды. Мен де осы мұғалім сияқты боламын деп армандайтынмын. Өмірімде көрген өте мықты əйелдердің қатарына қосуға лайықты жан. 

Ең жаманы енді ол мұғалім бізге сабақ бермейтін болды... ол мұғаліммен сөйлескенде біраз сергіп, сырымды айтып ақыл-кеңес алғым келіп тұратын. Енді не істерімді білмеймін, сырымды кіммен бөлісемін? Ол мұғалім мені ұмытып кеткенін қаламаймын... Айтпақшы ол мұғалімге сыйлық сыйлағым келіп жүр. Абайдың өмір баяны туралы кітап. Бірақ ол мұғалім қазақ ақындарының бəрінің өмір баянын, шығармашылығын өте жақсы біледі. Көп кітап оқитын адам. Сол Абай туралы бəрін біледі ғой, кітап сыйламай-ақ қояйын ба?

Өз анамнан алмаған жылуды сол кісіден алып, қайтсемде қасымнан ұзатқым келмейді. Не істеймін? Анамнан  туғаны болмаса ондай жылуды, мейірімді одан сезініп көрмедім.

Айсәуле, Талдықорған

el24kz

Қояншық келінімнен қалай құтыларымды білмей жүрмін
Күйеуден қайтқан қайын әпкелерім түбіме жететін сияқты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу