Әйелімнің түбіне жеткен өзім ғой

Oinet.kz 27-11-2022 6070

Менің жасым қырықтың бесеуіне келді. 4 ұл, 2 қыздың әкесімін. Әлемдегі ең керемет әйелдің жұбайымын. Бірақ сол жұбайымның қадіріне кеш жеткеніме қатты өкінем.

Screenshot_2.jpg

Отбасын құрғанымызға 23 жыл болды. Әйелімді бір көргеннен ұнаттым. Сұңғақ бойлы, аққұба өңді, өте биязы қыз еді. Ауылымызға белгілі текті, ұстаздар әулетінің 8 ұлдың ішінде әлпештеп отқан жалғыз қызы екен. Қанша тартыншақтасам да сезіміме қарсы келе алмай, құда түсіп баруға 8 аға-інісінен қорқып алып қаштым. Балзира көрегенді әулеттің қызы болғасын, босаға аттағаннан кейін "кетем" деп қырғын салған жоқ. Басына түскенге көнді. Менің үйде 3 інім бар еді. Екі әпкем тұрмыста. Үйдің тірлігіне мұнтаздай екен. Жымиып жүріп әке-шешемнің де, бауырларымның да, менің де көңілімнен шығуға тырысты. Обалы не керек ұлдан да, қыздан да тарықтырған жоқ. Өзі де әке-шешесінің жолын қуып ұстаз болды. Қарап отырсам, оның осы нәрсенің бәріне қалай үлгергеніне таң қалам. Менің жанымда нағыз суперwomen жүрген екен ғой. Әттең, осыны ертерек байқай алғанымда ғой...

Үйленгенімізге он жылдан асқан соң мен әріптестеріммен бірге қыздарға да бардым, ішімдік те іштім. Құрдастарымнынң әйелді қысып ұстау керек дейтін былжырағына еріп, Балзираны себепсіз сабап та алатынмын. Бір күні қаладан ауылға онша-мұнша азық-түлік алып келе жатып, көлік тоқтатқан әйелді ала келдім. Оны-мұны әңгіме етіп отырып, Меруерт күйеуінің қайтыс болғанын, содан бері өзіне лайықты ер адамның махаббатына шөлдеп жүргенін айтты. Сөйтіп сайтан түртіп сол әйелді көңілдесім етіп алдым. Онымен 2 жылдай кездесіп жүрдім. 

Әйелім бәрін сезсе де балалардың берекесін алмайын деп барын ішіне бүгіп жүрген екен. Бір күні Меруертпен қаладан көлікпен қайтып келе жатсам, жолдың қақ ортасында тұрған Балзираны көрдім. Ауылға әлі ұзақ. Айналада ауыл жоқ. Абдырап көлікті сылқ тоқтатып, жалма-жан түсіп "Мұнда не істеп жүрсің",- деп тұра бас сала бергенімде, "Не мына сайқалыңды осында тастап менімен бірге ауылға қайтасың, не мені таптап өтесің",- деді тістеніп. Балзира қанша жерден биязы болса да, бірсөзді әйел. Алған бетінен қайтпайды. Сол үшін Меруертті сол жерден түсіріп, Балзираны алып ауылға қайттым. Үйге жеткенше Балзира ләм-мим деп ауыз ашқан жоқ. Тек үйге жетіп тоқтаған кезде ғана, Балзира "Көңілің алаң болмасын деп, жол үстінде ештеңе демедім. Менен ұялмасаң ұялма, бауырларыңнан да ұялмай-ақ қой. Бірақ, үйде жәудіреп отқан 4 қарашығыңнан неге ұялмайсың? (ол кезде қыздарым өмірге келмеген) Сен әуейі боп жүрген әлгі сайқал, қанша еркектің басын айналдырып дүниесінен тас та қалдырмай тартып алатын сиқыршының өзі. Екі жыл бұрын қалада институтта бірге оқыған құрбымның күйеуін солай тонап кеткен",- деді. Мұны естіген кезде періштедей көрінген Меруерттің ондай екеніне сене алмадым. Балзира: "Мен осы уақытқа дейін жүгімді арқалап, балаларымды ертіп төркінге кетіп көрген емеспін. Сенімен қарайдым, сенімен ағарам деп ойладым. Ал сен жүрсің қайдағы бір сайқалдың етегінде. Бұл менің алғашқы және соңғы ескертуім. Егер тағы онымен байланысың баын сезсем көлеңкемді де көрмейсің",- деп көліктен түсіп кетті.

Кейін қалада РОВД-да істейтін жолдас баламның көмегімен Меруерт туралы біраз дерек білдім. Аты Меруерт емес Мейрамкүл екен. Өзінің 3 баласы бар екен. Жезөкшелікпен айналысытаны да рас болып шықты. Сонша жер болғаныма ұялып, Балзираның бетіне қараудан қалдым. Ал ол болса, менен әлдеқайда есейіп кеткен екен.

2-3 жылдан соң бәрі ұмытылып, Балзира егіз қыздарымызды өмірге әкелді. Бірақ өзінің жағдайы босанғаннан кейін оңала қоймады. Қыздарды емізіп отырып, қайда екенін таппай қалады. Балалардың атын шатастырып алады. Әлдеқашан о дүниелік болған әке-шешемді іздеп, кейде бос қабырғаға қарап "сәлем бердік, ата" деп сәлем салып жатады. Бірде тіпті, шай ішіп отырып қарсы алдында отырған мені байқамай, балаларға "әкелерің әлі келмеді ме?" деп орнынан тұрып бара жатыр.

Сөйтіп-сөйтіп айналдырған 1 жыл ішінде есі-кіресілі шығасылы болып қалды. Апарып көрсетпеген жеріміз жоқ. Еш ем қонбады. Қазір Балзира кішкентай бала сияқты. Егіздерімізбен бірге ойнап, солармен таласып, жылап жүреді. Дәрігерлер жүйкесі сыр бергендіктен осындай халге түскенін ғана айтады. 

Балзираның 40-тан енді асып, бейнетінің зейнетін көретін жасында осылай жүргені жаныма батады. Үлкен ұлымыз 2 жыл бұрын үйленген. Келін қолда. Балзираға сол қарайды. Бірде ұлым екеуінің жанжалын естіп қалдым. Келін ұлыма: "Неге аузымды жаба бересің? Шешең сияқты менің де іштен тынып, ертең өйстіп отқанымды қалайсың ба? Сендердің әулеттеріңдегі еркектер оңбай қалған. Маманы осындай қылған сенің әкең ғой. Сен де сөйтпексің бе?",- деп айқайлап жатыр екен. Жүрегім шым ете қалды. 

Келіндікі рас. Балзираның түбіне жеткен мен ғой. Алтындай жарымның үндеместігін пайдаланып білгенімді істедім. Ол бәрін ішінде өлтіре беріп, ақыр соңында өз атын білмейтін жынды болып қалды. Өзімді енді қалай кешірем???

Келінім екеуміз немеремнің баламнан емес екенін жасырып жүрміз
Қайын атамның рухының назалануына мен себеп болған сияқтымын
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу