​Мен де анам сияқты өмірімнің соңына дейін өксіп өтем бе деп уайымдаймын

Oinet.kz 18-02-2022 4138

Ол менің алғашқы күйеуім. Екеуміздің бір жарым жастағы ұлымыз бар, екіншісіне жүктімін. Университет қабырғасында танысып, жастай шаңырақ құрдық. Басында мейірімді еді, балаға көп уақытын бөлетін. Бәрі ойдағыдай сияқты көрінгенімен, мен бұл некеде бақытсызбын.

Screenshot_2.jpg

Күйеуім мені мүлде түсінбейді. Кез-келген жағдайда өзінің шешімін дұрыс деп санап, менің шешіміммен санаспайтынымен қоймай, ұрып жіберетіні де бар. Оның түсінігіндегі ұру – жай ұру емес, өлімші етіп сабап тастау.

Мен одан басымнан ұрмауын қанша өтінсем де, ол дәл басымнан жиі ұрады. Әдейі. Қолына кез-келген затты алып, басымнан пере салады.

Кейде осы қылығын өзіне айтсам, “ұру дегеннің не екенін сен түсінбейді екенсің”, деп қалжыңдайды. Мен расымен де, қатты шаршадым. Жағдайымды айтып отырып, көзіме жас келеді. Ол ешқашан мені ойлаған емес.

Міне, қазір де жүкті екеніме қарамай, тағы да боқтап, ұрып кетті. Ата-енеммен бірге тұрамын. Оларға да жағуға тырысамын. Мен оны сүйемін, бірақ осы қылықтарынан кейін кейде оған деген сезіміме өкінемін. Мен тым жас тұрмысқа шығыппын. Әрине, бақытты сәттеріміз де болды, бірақ бақытсыздығым басым. Кейде босанбай-ақ өліп қалсам ба екен, деп ойлап кетемін.

Бірақ, балам есіме түсіп, ол ойымнан бас тартамын. Әрине, өзім де сүттен ақ, судан таза емес шығармын, менің де өзіндік кемшіліктерім бар. Бірақ күйеуімнің екіқабат әйелді аямай боқтап, ұратыны – оның мейірімінің жоқтығынан емес пе? Ол – менің әкемнен аумай барады…

Мен де анам сияқты үндемей өмірімнің соңына дейін өксіп өтем бе деп уайымдаймын.

365info.kz

Есімді жисам, цемент еденде жатырмын
Өзім байдың таяғына төзсем де, баламның таяқ жегенін көтере алмадым
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу