Кедей құдамнан өлердей ұяламын!

Oinet.kz 10-02-2022 16534

Бай мен бай құда болса, жорға жүрер

Жарлы мен жарлы құда болса, дорба жүрер

Бай мен жарлы құда болса, зорға жүрер.

Осы мақал көп әңгіменін бетін ашатындай. Мен де өз хикаяммен бөлісейін. 

Screenshot_1.jpg

Күйеуім екеуміз отбасы құрған соң бірнеше жыл бала сүйе алмай қиналдық. Көптеген дәрігерлерге қаралып, молда-тәуіпті аралап, Құдайдан сұрап алған жалғыз ұлымыз Мирас өмірімізге қуаныш сыйлады. Мирас біздің үкілген үмітімізді ақтап, мектепті де университетті де үздік аяқтап, жоғары лауазымды жұмыста істейді. Тек ол қайынжұрт жағынан бізді ұятқа қалдырды. 

Жалғыз ұлымыз болған соң текті, бақуатты жермен құда болуды қаладық. Келешегі баламызға мансапта өсуге көмектесетін, таныс-білісі мықты жермен құдаласу, сол ортаның қызын келін етіп алуды отағасы екеуміз қалағанымызбен, жалғыз ұлымыз Мирас қаламады. Нақтырақ, ол студенттік шағында танысқан ауылдың қарапайым қызымен шаңырақ көтеруді қалады, әрі солай істеді де. Қанша қарсыласқанымызбен, көнбеді. 

Кедейдің қызың дүркіретіп той жасап, шаңырағымызға әкелдік. Жалпы, келініміз жақсы. Бізді ерекше құрметтеп, барлық жұмысқа үлгеріп жүреді. Бірақ оның ата-анасы, яғни құдаларымыз «түк көрмеген» жандар. Ауылдың қарапайым адамдары, ауласында байлаулы ешкісі де жоқ. Біздің келін ортаншы перзент екен, өзінен алдынғы әпкелері тұрмысқа шыққан. Бұрынғы құдалары да ауылдың қарапайым адамдары. Араласатын ортасы да кедейлер. 

Ал біздің ортамыз, ағайын-туысқандарымыз бай-дәулетті. Айтатын әңгіме мен талқылайтын дүниелер де бөлек. Осының бәрін ескеріп ұлымызға қарсылығымызды білдірсек, түсінбей өз дегеніне жетті. Енді, міне, отырмыз қарабет болып. 

Бір жерге қонаққа барсақ, бізді қолдарымен нұсқап «Өзі бай-дәулетті бола тұра, жарлы-жақыбайлармен құда болды. Айналасында небір байлар жүрді, неге солардың бірімен құда бола салмады» деп өсектеп отырады. Тіпті, бұл әңгімені бетімізге айтқандары қаншама?!

Жалпы, біздікін дұрыс емес деп көпшілігі айтады. Бірақ бұл өмір заңдылығы. Бай мен кедей құда болса, амалсыздан өтірік күліп жүреміз. Айтатын ортақ әңгіме де жоқ. Құда болып шалқып отырмаймыз.Оларды көп қонаққа шақырмаймыз. Бір жерге «құдам» деп ертіп баруға да ұяламыз. Бірақ, баламыздың бақыты үшін бұл масқаралыққа да көндік!

Атамдай боп келетін жанға жар болдым, амал қанша
Анама көмектескенім үшін күйеуім үйден қуып шықты...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу