Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Біреу күлер,біреу күрсінер... Біреу сенер, біреу сенбес оқиғам бар. Жетімдер үйінен шыққан соң аш-жалаңаш далада қалғанымды өзім əсте ұмытпаймын. Балалар үйінен шыққан соң көмек сұрар ешкімім болмады. Құдай басқа салмасын, бас сұғарға баспана таппаған адамның хəлін сөзбен суреттей алмайсың...
Екі айға жақын уақыт қыз басыммен өңкей қайыршылармен бірге жертөледе өмір сүрдім. Тапқан көгерген нанға таласатынбыз. Мықтылығымнан шығар, ешбірі маған жолай алмады. Сол сұрқай өмірден қалай болса да құтылғым келді. Біз паналап жүрген үйдің бірінші қабатында жетпіске таялған шал тұрды. Үнемі жалғыз жүретін. Ешкім оны іздеп келмейтін. Соған қарап ешкімі жоқ деп түсіндім. Желтоқсан айы жақындаған уақытта сол атай мені аяды ма? Əлде, қайыршы еместігімді аңғарды ма? Мені үйіне кіргізді. Бірге тұра бастадық. Бар тамағын жасап, кірін жуып үйінің бар тірлігін мойныма алдым. Атамдай қарап, армандарымды айтып, бірге теледидар көріп жүрдік. Адам баласы тез бауыр басады екен. Мен де солай бауыр бастым. Бұл дүниедегі бар заттың өз құны бар. Жасаған жақсылықтың да құнын сұрайтындар табылады екен. Табылды да.
Бір ай өтпей əлгі шал маған некелі жары болуға ұсыныс жасады. Әйтпесе үйден кете беруімді айтты. Лəжім жоқ. Айтқанына көндім. Қақаған қыста далада қалғым келмеді.
Қазір жетпістегі шалдың қазір зайыбымын. Ол жалғыздықтан әбден шаршапты. Қасында өзін тыңдап жүретін серігі болса екен деп армандаған екен. Бар қажетімді сол кісі өтейді. Бірақ, көкейімде атамдай көрген кезім еш шықпайды.
Маңдайыма жазған тағдырым шығар. «Жазмыштан озмыш жоқ» дейді ғой атам қазақ. Қанша талпынсақта тағдырдың маңдайға жазғанынан қашып кете алмайды пенде. Мен де солай әкемдей, бәлкім атамдай жанға жар болып, жастығымды сыйлап ғұмыр кешудемін...