Әріптесім үшін отбасымды ойрандадым…

Oinet.kz 11-10-2022 1716

Жұбайым Айсұлтанмен студенттік шақтан бері таныспыз. Алматылық жоғарғы оқу орындарының бірінде, бір факультетте оқыдық. Ол мені алғаш көргеннен-ақ ұнатып, маған көз тіккен достарына маған жоламауын өтініпті. Оның көңіл білдіргенінен мен де кет әрі емес едім. Сымбатты әрі курсымыздың ең ақылды жігіті маған да ұнай кетті. 

Screenshot_26.jpg

Содан бір жарым жыл жүріп, студенттік шағымызда отбасын құрған едік. Биыл тұрмысқа шыққаныма жеті жыл болған еді. Екі ұлдың анасымын.

Соңғы жылдары Айсұлтан екеуіміз бір-бірімізден суынып кеткендей болдық. Жыл өткен сайын қиындықты бірге көрген ерлі-зайыптылар бір-біріне жақындай түседі деп ойлайтынмын. Алайда біздің жағдай басқаша болып шықты. Мен үнемі үйге кеш келетін жұбайымды қызғанып, оның іс-әрекеттерін бақылайтын болдым. Осы мінезіммен де оның шамына тиіп кеттім. Сөйтіп жарымды аңдимын деп өзім шалыс бастым…

Жұмыста Жандос есімді әріптес жігіт бар еді. Өзі компьютерлік ақауларды түзейді. Алайда кез келген уақытта маған көмек керек бола қойса, жүгіріп келеді. Екеуіміз бір кеңседе бір жылдай жұмыс істеп, етене жақын болып қалғандаймыз. Мен оған күйеуіммен болған келеңсіздіктерді айтып, сыр ақтарамын. Ал ол мені үңіліп отырып тыңдайды. Соңғы уақытта маған ұялы телефоныма жиі хабарласып, хат жазатын болды. Оның менде көңілі бар екенін ақымақтың өзі де түсінер еді.

Бір күні Айсұлтан сол әріптес жігіттен келген хаттарды оқып, шу шығарды. Тіпті, ажырасатынын да айтты. Оның көзіне ешқашан шөп салмағанымды, жай ғана әріптесімнен келген хат екенін айтсам да күйеуім киімдерін жинап үйден кетті. Айсұлтанның түкке тұрғысыз дүниеге бола отбасынан оңайлықпен бас тарта салғанына жыным келді. Ертесі үйге қайтып келіп, түнде ата-енемнің үйінде болғанын сөз етті. Бірақ сол күйі маған бұрылып та қарамайды. Енді не істесем болады? Өзімнің де кінәлі екенімді түсініп тұрмын…

Әйелім өліп, панасыз жалғыз қалдым
Өнерлі жарым өмірімізді тас талқан қылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу