Әйелім өліп, панасыз жалғыз қалдым

Oinet.kz 02-10-2022 7087

Ер адамның көркі – әйел. Әйелін жанында болса әлем өзгеше құлпырып, сұлулана түседі. Қиын болып көрінген уайым-қайғы да әйеліннің қасында жоғалып кететіндей. Қазір маған қатты қиын, білемісің?! 

698F0C1E-4382-46AF-97AE-8D888F791C63_cx0_cy3_cw0_w1023_r1_s.jpg

Жайқалған Гүлім қайтыс болғалы өмірім күрт өзгерді. Гүлім үйде болғанда есікті теуіп ашып, еш ойланбастан, балалардан жасқанбастан жүретінмін. Ал қазір ше? Үйіміз қақаған суық. Жоқ, жанып тұрған от бар. Бірақ Гүлімнің жылуы жоқ. Балам не дейді екен, келінімнің алара қараған көздерінен қорқып, жаутандап отырамын. Бұл неткен қасірет?!

Гүлім екеуміз жастық шағымызда танысып, бір-бірімізді шексіз жақсы көріп, шаңырақ көтердік. Соңғы 30 жыл өмірімдегі ең бақытты жылдар болған екен. Гүлімнің күлімдеп қарағаны, келіспей ұрысысып қалған сәттер, бірге отырып ыстық шәй ішіп, әңгімелескен сәттер бәрі-бәрі керемет көздер екен-ау. Дүниеге жалғыз ұл, екі қызымыз келді. Алғаш ұлымыз келген сәтте шексіз қуанып, ұлан асыр той жасадық. Есімін Қамқор деп қойғанбыз. Қартайған шағымызда бізге қамқор болып, қуаныш сыйлап жүрсін деген ниетпен. Ал қазір сол «қамқорымыз» қайда қалды? Бір әйелдің жетегінде кетті! 

Әйелім ұзақ уақыт ауырып жатты. Күйеуім, балаларым, отбасым деп жүріп өзін ұмытты. Уақытылы қаралмағандықтан, ауруы асқынып, төсек тартып жатып қалды. Ауруханада жатқан кездерде үйді тынып таппай, шәй батпай күнде баратынмын. Оны көрсем көңілім жайланып, жазылатынына үміттеніп, қайтатынмын. Бірақ сол күні үмітім түпкілікті үзілді......

Гүлімді жер қойнауына тапсырған соң өмірім күрт өзгерді. Күндіз күлкі, түнде ұйқыдан айрылдым. Немерелерім жүгіріп келіп, бетімнен сүйсе жүрегім елжіреп, Гүлімім есіме түседі. Күнде оның көйлектерін қайта-қайта иіскей беремін. Еден сықыр етсе, оның жүрісін танып, келе жатқандай болады. Бірақ ол келмейді...... 

Жаназадан кейін қыздарымыз өзінің құтты ұясына кетті, ал үйде үлкен ұлымымыз Қамқор мен келінім қалды. Бірақ бұлардың да мәмілесі өзгерді. Бала күндіз жұмыста, немелер мектепте, үйде келін екеуміз ғана. Ыстық шәй беруді ұмытты, қатқан нанмен суыған шәй ішемін. Гүлім барда киімімде бір дақ болмайтын, ал қазір кір сасып кеткен киімді киюге мәжбүрмін. Келін киімімді жууды ұмытқаны қашан?! 

Анда-санда қыздарым келіп киімімді жуып, шаштаразға апарып сақал-шашымды әпереді. Келген сайын жылап кетеді. «Үйге әкетемін, өзім қараймын» деп айтқанымен, ар жағында ата-енесі, күйеуінен аса алмай, қинала қайтады. Мен үшін отбасын бұзғанын қаламаймын, мен де үнсіз бәрі жақсы деп отырамын. Мейірімсіз ұл мен қатігез келіннің қас-қабығына қарап, өмір сүріп жүрмін. Ыстық тамақ бермесе де, кір киім кисем де, тек үйден шығармаса екен. Гүлім, екеуміз қиналып жүріп тұрғызған үйімізден кетіп қайда барам?! Үйдің әр бұрышы сені есіме түсіреді, қабырғасын ұстасам сені құшақтағандай боламын ғой. Бұл үйден кетіп қайда барам? Кім маған пана болады? 

Гүлім, сені шексіз сағындым! Сенің иісінді, қамқорынды, ұрысқан сәттерімізді, бәрін-бәрін шексіз сағындым! Сенің қасына баруға асықпын!

Қыздарым үшін ғана тірі жүрмін, күйеуімді өзгеге қия алмайды екем
Әріптесім үшін отбасымды ойрандадым…
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу