Құрбым күннен-күнге солып бара жатыр

Oinet.kz 11-10-2022 8324

Ауылдық жерде тұрамын. Тұрмыстамын. 2 балам бар. Өзім емес, құрбым жайында айтайын дегенмін. Құрбым 15 жасында тұрмысқа шыққан. Қазір жасы 24-те. Екі баласы бар. Үлкені 2-сыныпта оқиды. 

Screenshot_17.jpg

Айтайын дегенім құрбымның күйеуі «бабник» жүрген. Қыздармен сөйлеседі. Құрбым үйінде бәрін істейді. Ата-әжесіне қарайды. Мал қарайды, балалары бар.

Ал күйеуіне не жетпейді, түсінбеймін. Жақында тіпті телефонынан фото қарап отырып бір қыздың фотосын көрдік. Көп фото. Ватцап мессенджері арқылы келген. Содан ватцабын тексеріп қарасақ, жазысқан хаттарын көрсеңіз, сол жерде құрбымның күйеуін өлтіре салғым келді. Ол бәрін біледі. Қалай шыдайтынын білмеймін. Арада баламыз бар, кеткенде қайда барып сиямын баламен?,- дейді құрбым мұңайып. Уайымнан болар, өзі де қатты әбіржіп кеткен. Ерте тұрмысқа шығып, үйде отырып қалғасын шығар, қатарына қарағанда тым ересек көрінеді. Өмірдің өзі қатайтып жібергендей. Құрбымды әр көрген сайын солып бара жатқан гүлді көргендей боламын. Сіздер не айтасыздар?

Келінім ауру. Қалай құтыларымды білмеймін
Туған сіңлім отбасымды ойрандады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу