Баламның кімнен екенін білмеймін

Oinet.kz 01-10-2022 1350

Менің жасым 20-да. Күйеуіммен ажырасқаныма жарты жыл болды. Екеуміз заңды некеде тұрмағанбыз. Ол екеуміз үйленбей тұрып жақын қатынаста болып қойған едік, үйленетінімізге сенімді болдық. Содан кейін бірнеше ай кездесіп жүрдік.

Screenshot_3.jpg

Сол кезде күйеуімнің жолдас баласы менің қыз емес екенімді біліп жыныстық қатынасқа күштеп апарды. Осы жағдай бірнеше рет қайталанды. Егер менімен болуға келіспесең, ата-анаңа бəрін айтамын, менімен болып жүргеніңді айтамын деді, мен қатты қорықтым ешкімге айтпадым.

Уақыт өте мен жүкті екенімді білдім. Ең жаманы мен күйеуіммен де, оның жолдас баласымен де қосылған айы көтерген екенмін. Бірақ оны ешкімге айтпадым. Содан күйеуіме тұрмысқа шықтым. Енем мені алғашқы күннен-ақ жақтырмады, маған "балаңның кімнен екенін құдай білсін, қазіргі қыздарға сенбеймін мен",- деп айтып тастайтын. Тууға бір ай қалғанда енем ақыры мені күйеуімнен ажыратып жіберді. Күйеуім анасына қарсы шықпады. Қазір əке-шешемнің үйіндемін. Олар алимент төлетеміз деп отыр, сотқа берді. Енді сот күні жақындап калды. Енем ДНК тест жасатасыңдар деп отыр. Ал менде күдік бар. Күйеуімнің жолдас баласынан көтеріп қалсам ше? Не істесем болады? Ауыр күнә жасағанымды білемін, амалым бар ма? 

Қызымның арқасында жоғалтқан бақытымды қайта таптым
Қайынсіңіліме жаным ашимын деп, көңілін қалдырып алдым
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу