Болашақ ата-енемнен бар құпиямды ішіме бүгіп қалғаным қаншалықты дұрыс?

Oinet.kz 13-09-2022 3303

Осы айдарды көп оқимын. Өте керемет кеңестер айтылады. Мың түрлі тағдыр. Біреуге жазылған жайт өтірік сияқты әсер етсе, біреу шынайы қабылдап жатады. Жан айқайын жеткізген әр жанның айтқан сыры шындық деп ойлаймын. Мен де бүгін сіздерден кеңес сұрағалы отырмын.

Screenshot_8.jpg

Өзім ойлай-ойлай дұрыс шешімге келе алмай отырмын. Түсінікті болу үшін басынан бастап жазайын. Барынша қысқартып, түсіндіруге тырысамын. Орыс класта оқыдым. Ойымды дұрыс жинақтай алмай жатсам айыпқа бұйырмаңыздар.

Бес жыл бұрын «ажырасқан»деген жаман атқа ие болдым.

Шынымды айтсам өте жаман екен. Ондай атқа ие болғанша, сол үйден неге өлігім шықпады деп ойлаған кездерім де болды. Біраз уақыт депрессияға түсіп кетіп, одан шыға алмай жүрдім. Көрінгенге көзтүрткі болдым. Ажырасқан дегенді естісе немесе білсе кез келген еркек сені мыжғылап мауқын басқысы кеп тұрады екен. Ол кезде ауыр күйзелісте жүріп еркекке қарайтын шамам болған жоқ.

Арадан бес жыл өтті. Жасым жиырма төртке кетті. Енді ойлана бастадым. Қашанғы осылай бойдақ өмір жақсы деп жүре бермекпін. Тұрмыс құруым керек деп шештім. Сонымен жақында бір жігітпен таныстым. Жүргенімізге бес айдай болып қалды. Мен өткен өмірімді жасырмай бәрін айттым. Түсінушілікпен қарады. Бірақ, бұл жайлы әке-шешеме айтпаймыз, білсе маған үйленуге рұқсат бермейді деп қалды сөзінің арасында. Басында қуана келіскеніммен, артынша ойланып қалдым. Ертең біреуден болмаса біреуден естімейді дейсіз бе? Тым болмаса өз жағымнан біреу сыбырлай қоймайды дейсіз бе? Қашанғы жасырып жүреміз. «Өтіріктің өрісі тар» деген. Жігітім бар айыбымды бетіме баспай құда түсіп, сырға салып алмақшы. Келесі айда үйленейік дейді. Бір ай ғана уақытым қалды. Не істеймін?Кеңес беріңдерші. Тығырыққа тірелдім. Ата-анасына айтпай тұрмысқа шығып алуға дәтім барар емес. Айтсақ не болады? Үйленбеген ұлына, есік көрген қызды қабылдай ма?

Жамал

Ақтөбе қаласы

Күйеуімнің кіммен сөйлесіп жүргенін көргенде естен тана жаздадым
Отбасылы адамға ғашық болу опа бермейді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу