Енем өз күйеуімді өзімнен қызғанады

Oinet.kz 13-09-2022 1900

Келін болып түскеніме көп болған жоқ. Атам жоқ. Күйеуім бір үйдің жалғыз ұлы. Басында қуанғанмын. Өз қызындай көріп, ештеңеден қағажу көрмейтін шығармын, жалғыз ұлының келіншегімін ғой деп. Көп ұзамай ол ойым әдірә қалды.

Screenshot_6.jpg

Жат жерге бірден сіңісіп кету де оңай емес. Бірақ, енем бауырына тартпақ тұрғай баласын қызғанады. Көбіне біздің қалжыңдасып, бір-бірімізге еркелегенімізді жақтырмай қабақ шытып қалады.

Басқасы басқа ғой, көнер едім. Ал түнде де тың-тыңдап, тыныштық бермейді. Күйеуіммен оңаша қалып, бір-бірімізге деген сезімдерімізді білдіруге мұрса бермейді. Енді ғана, аймаласып, балқып, сезімнің жетегіне кете бергенде енем баласын шақырып алады. Түннің ішінде не бір қитұрқы  қылықтың бәрін шығарып, біресе аяғын уқалатып, бір күні басым ауырып жатыр деп, маған жақындатпауға тырысады.

Енемнің қылығы жаныма әбден батып барады. Бұл тірлігімен бізді араздастырып, бір-бірімізден суытып тынатын сияқты. Не істесем екен? Бөлек кетейін десем жалғыз ұл.

Жездем жаныма жігіт жолатуға қатаң тыйым салды
Күйеуімнің кіммен сөйлесіп жүргенін көргенде естен тана жаздадым
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу