Кеш келген сезіміме өртеніп жүрмін

Oinet.kz 09-09-2022 4956

Жасым жиырма жетіде. Жұмысқа орналасқаныма көп болған жоқ. Әріптес бір жігітке көзқарасым өзгеріп, іштей ұната бастадым. Арадан екі айдай уақыт өткенде жанұясы бар екенін білдім. Қанша өзіме тосқауыл қойған сайын, оны көргенде жүрегім бұлқынып, мен бармын дегендей соғуы жиілеп кетеді.

Screenshot_6.jpg

Маған қарап сөйлесе, ұялғанымнан бетім алаулап шыға келеді. Көзіне тіке қарай алмаймын. Өйткені көз жанарымнан бәрін сезіп қоятындай қорқамын. Мен үшін жігіттің сұлтаны сияқты. Түсімде  көретін болдым. Жауапсыз махаббат екенін де білемін.

Бірақ... сезіміме қашанғы тұсау қоямын? Соңғы уақытта ол да мендегі сезімді сезіп қойды ма, қасыма жиі келетін болып жүр. Көзіне көзім түйіссе болды, өрттей жанамын. Сасқаныман түсіріп алған қаламымымды алып беріп жатып, қолымнан елеусіз ғана сипап өтті. Қолы қолыма тигенде ток соққандай дір ете қалдым. Бірақ, сездірмеуге тырыстым. Бұл қашанғы жалғасады, ілмеймін. Егер өзі қадам жасаса «жоқ» дей алмайтын сияқтымын.

Қаншама жігіттер артымнан жүгіргенімен, ешбіріне жүрегім селт етпеуші еді. Енді, жанұялы жанға ықыласым ауғанын түсіне алар емеспін. Кеш келген сезіміме өртеніп жүрмін. Біреудің көз жасымен бақытты болмасымды да білемін. Бірақ... мен де адаммын ғой. Менің де бақытты болғым келеді...

Жансая

Досым досыма опасыздық жасап жүр
Оны да, әйелімді де қимаймын
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу