Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Мен келін емес, құлы сияқтымын. Таңертеңнен қара кешке дейін тырбаңдап, үйдің тірлігін жасаймын. Жолдасым жақында ғана əскерге кеткен. Енемді анамдай жақсы көріп, айтқанын екі етпеймін.
Азын-аулақ табыс көзім бар. Ауылдағы балаларға ағылшын тілін үйретемін. Мамандығым - ағылшын тілі. Мектепке жұмысқа орналасуға жағдай жоқ. Үйдегі жеті биені сауып, саумал мен қымызды сату менің мойнымда. Бəріне разымын. Сүйген азаматыма адал жар атандым. Енем мені əлі толық қабылдай алатын уақытқа жетпедік. Кейде, ширатып алайын деген шығар деп қоям. Жақында анамның елу жылдығы болды. Бара алмадым. Енеме қанша өтініш жасасам да, бір тиын бермеді.
Расымен, келгелі тоғыз ай болды. Жанұядағы тəртіпке сай бəріміз енемізге тапқанымызды өткіземіз. Оған шағымданған емеспін. Алайда, қолыма бір тиын ұстатпайтыны шын. Сол тойға бара алмаған соң енемнен бөлек ақша жинай бастадым. Арым тыншымай жүр. Жасырып жүре алмайтын сияқтымын. Білсе, ұрысатын шығар?!
Тапқан табысымыздан қәжетіңе жарат деп азын-аулақ тиын беріп қойса мұндай тірлікке бармас едім-ау. Бірақ, ақшаны тым жақсы көретін енеме менің жеке басыма, гигеналық бірдеңе керек болар деген ой кіріп те шықпайтын секілді.
Керек дүниемді ала алмай, жегім келген нәрсені жей алмаймын. Қашанғы шыдаймын? Күйеуімді сүйгесін бәріне көніп жүрмін. Дүние бақыт болмайтынын білемін. Десе де, менің де қажет дүнием болады ғой. Не істеймін, кеңес беріңдерші? Солай ақша жасырып алып қалғаным дұрыс па? Ертең енем білсе үлкен айқай болатынын де сезем. Не істеймін?
Бәрін айта та, бірін айт, анамның елу жылдық мерей тойына да жібермеді. Келін, құл ма?