Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Менің жасым жиырма бесте 1 баланың анасымын. Жолдасыммен ажырасқаныма 3 жыл болды. Басында қиналып өмірге өкпелейтінмін. Қазір барі жақсы. Тек айтқым келгені жігіттер бойдақ кезінде өздерінің шын мәнінде қандай екендіктерін көрсете бермейді.
Жолдасыммен 5 жыл бірге жүрдік. Барлық жолдастары туыстары бізге қызығып қарайтын еді. Ренжіскен кезімізде бір-бірімізге сөйлемей қалатынбыз. Одан артық мінезін көрмедім. Ал үйленгеннен кейін мүлде басқаша болды. Жұмыс жасама, боянба, үйден шықпайсың деді. Баламды ауруханаға апару үшін де ұрыс болатын.
Мен айтқанын барін шамам келгенше орындадым. Жезөкшеге барды оны кешірдім. Бір сәттік қызық қой деп. Бір қызбен жүріс жүрді. Шындығын айтқанда сол қыз басын айналдырды. Онымен алыстым. 2 жыл ерлі зайыпты өмірде тек қол жұмсаумен ғана болды. Соңғы қол жұмсауда ішімдегі 1 айлық баламды қансыратты. 2 ай бойы орнымнан тұра алмай жаттым. Ақыры алдырдым, өмірге адам болып келуі мүмкін емес еді. Осы қорлығына шыдай алмай ақыры ажырастым. Бірақ арызды мен емес берген. Оның әкесі баласын көндіріп солай істеткізді. Ажырасқаннан кейін 1 жылдан кейін саған қояр еш кінәм жоқ деп айтып кетті. Әлі де жақсы көрем дейді. Бізді ажырастырған қыздың қара күшпен жамандықпен бізді ажыратуы мүмкін ба?