Күйеуім басқа әйел тауып алам деп қорқытып жатыр

Oinet.kz 14-07-2022 3944

Менің мəселем күйеуім. Маған дейін ол 5 ж бұрын ажырасып кеткен болатын. Бірінші əйелді үй іші жəне өзі тек жамандаумен болды, əйелі дұрыс болмаған соң ажырасқан шығар деп ойладым. Жақсы еркектен əйел кетпейді деген сөз рас сияқты.

Screenshot_1.jpg

Біз үйленген соң 1 айдан соң өнерін шығара бастады, кемсіту, ар-намыска тиетін сөздер айту, қарсы сөз айтсам ұрып өлтірем деп шығады. Негізі мен өзім сабырлы адаммын, соның өзінде шыдай алмай кетем, жағынды сындырып салбыратып жіберем, шешең оңбаған,əкең жынды, бауырларың ақша десе өлген, сендердің отбасыларың біртүрлі, деген сөздер көп айтылатын, одан қалса, қарғайды.

1,5 жыл бұрын ажырасып, қайтып қосылдық:  Содан кейін де сол баяғы ұрыстар қозғалып, өткен реніштерді əр ұрыста қозғай бергеннен менің жүйкем қозып кететін болды. Сабырлы адамнан жүйкесі тозған адамға айналдым. Əр ұрыстан соң аузына келгенін айтып алып, 2-3 сағаттан соң кешірім сұрайды осы жағдай 100 рет қайталанды. Жұмыс жасайды тапқан табысы тек кредит төлеумен кетеді, мен жұмыс істеймін, күйеудің мойнында отыратын əйел емеспін. Декретте отырғанымда өзім керек жарағыма керекті сумманы тауып отырдым. Ақша сұрасам сөйлеп əрең берген соң жұмыс істеп, ақша табудың қамын ойлап жүрдім. Қалай ойлайсыздар ондай адамдар өзгере ме? Адамды қорлап, миыңды трубочкамен соратын, өмірге əрдайым негативпен қарайтын, өзінің барлық сəтсіздіктерін жанындағы адамдардан менен, үкіметтен, презденттен көретін адаммен қалай өмір сүруге болады. 

Кеше былай дейді, мен ағамның үйін квартиранттарға тапсырғанмын, соның жарты ақшасын маған қарызға сұрап бер деп айтты, мен осыдан 1 ай бұрын ақша сұрағанмын,  мамамнан ақша сұрадым ұлымның тісін емдетуге, ол үшін кредиттер алып бердім (үлкен сумма емес 500 мың ), квартиранттардың ақшасын қарызға алып бермегенім үшін сен маған жаның ашымайды, мен өзіме жаны ашитын қатын тауып аламын, маған млн-дап кредит алып беретін, сенің Алла жазаңды береді деп қарғайды. Мен айттым тағдырыма жазылғанды көремін, сенің айтқаның емес, Алланың дегені болады дедім. Білмеймін өзім ешкімді алдамаймын, бір жаман жерім бұрын ренжіткен, сыртымнан өсек айтқан адамдарға суып кетем жүрегім жылымайды, хабарласпаймын. Болмысым солай. Ажырасу керек сияқты. 

Құрбым күйеуім екеуміздің арамызға түскен қара құрт сияқты
«Бақытсыз өтсін» деп дуа жасап, алдыңнан тұз шашқан
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу