Өзімнен алты жас кіші жігіттен бала көтеріп қойдым

Oinet.kz 05-07-2022 6603

Менің айтқанымды түсінбейсіздер ғой деймін. Жасым отызда. Ақылым да орнында. Мен үш жыл отасқан күйеуіммен айырылысқан соң  басқа жігітпен аяқ астынан таныстым.

Screenshot_10.jpg

Ол менен алты жас кіші болса да өте қатты сүйіп қалды. Ешнәрсеге қарамаймын деп барлығына көз жұмды. Мен бұрын ажырасқанмын, балам жоқ, ал ол да ажырасып үлгерген, баласы бар. Менде де оған деген сезім болды.

Бір ай кездесіп жүрдік. Енді оған тойдан кейін төсектес боламын, жаным-ау мен сондай кереметпін демеймін ғой. Иә, бір-ақ рет жақындастық. Бірден көтеріп қойыпппын. Естігенде шок болдым. Себебі мұндайды күтпеген едім. Үш жыл сүйген адамымнан көтермей осы жігіттен көтеріп қойғаныма ренжідім. Оны бар-жоғы бір ай көлемінде ғана танимын. Бұрын бала көтере алмағандықтан да сақтану  дегенді ойламағанмын да.

Жігітім баланы алдырма, оны ойыңнан шығарып таста, мен үйленемін, бәрі жақсы болады деп жұбатуда.

Ал мен болашаққа қорқынышпен қараймын. Ол менен жас. Алты жас кіші. Махаббаты өткінші емес пе? Ертең ойланып қалмай ма?Талай сұлулар бар. Бір кезде маған деген көзқарасы өзгеріп, махаббаты суып кетсе ше? Өмірде кездесетін қиындықтарға төзе ме?Сондайда тастап кетпей ме?Т ағы сүрінбеймін бе? Қайта-қайта ажырасу оңайға соқпасы аян. Бастапқы кезде баланы алдыруды ойлағанмын. Енді жүрегімнің астында пайда болған тірі жанға, мейірімім оянып алдыруды ойдан мүлде шығардым. Өзімнен кіші жігітке тұрмысқа шықсам бақытты бола аламын ба? Енді, бәрібір соның ұрпағын құрсағымда көтеріп жүрмін. Не істеймін?!

Дана

el24

Енем өз күйеуімді өзімнен қызғанып, көрсетпегені қалмады
Ешкімнің бетіне қарай алмаймын
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу