Екі рет тұрмысқа шығып, ажырасқан қызға үйленер ме едіңіз?

Oinet.kz 26-06-2022 1666

Құрметті оқырман, амансыздар ма! Сіздерден сұрайын дегенім, үшінші 3 рет тұрмысқа шығу дұрыс па? Егер еркек болсаңыз, 2 рет тұрмысқа шыққан қызды алар ма едіңіз? Мен бір қызды білем. Өзі былай жақсы қыз, қолы ашық, күліп жүреді əрі намысшыл.

Screenshot_2.jpg

Бірақ некеден еш жолы болмапты байғұстың. Бірінші күйеуі қыздың үйімен қастасып, 16 жасағы қызды əдейі алып қашып келіп,  бүлдіріп 1 айға жетпей түк білмейсің, мақаусың деп  қуып шыққан. Екінші күйеуі өзінен 1 жас үлкен болған. Бірінші сәтсіз некесінен кейін арада 3 жыл өткен соң апалары, жүре бересің бе, бір жігіт бар бойдақ деп соған берген екен. Ол жігіт мұның алдында 3 рет үйленген екен.

Күйеуі мыжың, ұрысқақ, тапқан ақшасы міндет. Үйленді деген аты болмаса, әйеліне не ақша бермеген, үйде болғанынан болмаған уақыты көп. Қыз өз əке-шешесінің үйінен әр-нәрсені әкеліп тамаққа , асып жүріпті. Қыздың анасы ұрысқан, ол не сұмдық қашанғы тасисың біздің үйден, не күйеуің алмай ма тамақты, жұмыс істейді ғой, неге саған ақша бермейді деген көрінеді.  Сөйіп ол күйеуінен де 4 ай тұрып ажырасқан. Жағдай солай. Менің өз ойым,  қызға өз бақытыңды тап деймін. Жассың, жасың болса 20-да. Ал ол ой менің тағдырымның астаң-кестеңі шықты. Қазақта жаман ғой үшінші рет шығам ба,  ұят қой. Қойшы, енді күйеу керек емес,  басыма тиді дейді. Аяймын өзі əдемі, талдырмаш,  жап-жас, жақсы қыз.

Alashainasy.kz

Кедейліктің қорлығын-ай, әйелім бір байдың көңілдесіне айналыпты
Әкеме айтып қоймаңыз...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу