Алып қашқан қызын ертесіне үйіне масқара етіп қайтарып жіберді

Oinet.kz 09-06-2022 12896

Аса бір жылдамдықпен лайланып, ағып жатқан суға қарап тұрған Бақтыгүлдің бойын үрей биледі. Тәңірі алдында кешірілмес күнәға батарын сезгенімен, кеудесіне өксік пен өкініш тығылып алқымынан алып, тұншықтырып барады. Жүзінен тәуекелге бел буған  кейіптен гөрі райынан қайтарлық әсер көбірек байқалады.

Screenshot_1.jpg

Жасқа толған жанары дария бойын барлап, жан-жағына алаңдайды. Артына бұрылып көріп еді, ауылы көк сағымға оранып тұр екен.

«Ой, бұл не тұрыс?» деп тұтқиылдан шығып қалар үнді тосқандай. Әлде өзіне-өзі кескен үкімінің дұрысына  шүбә келтіріп, ыстығы басылмаған  оқиғаларды қайта саралап, ой елегінен өткізіп  тұрғандай. Алға   жылжу  мен  артқа  шегінудің  арасындағы  дүдамал   қимылда  тұрды.

Алматыда оқу бітіріп, елге оралған Бақтыгүл өзі бітірген  мектепке жұмысқа орналасты. Науқас анасына қарайлап, қалада қала алмаған. Бала күнінен ұстаз болуды армандаған Бақтыгүл бала оқытудың қыр-сынын меңгеріп жүрген кезі еді.

Көрші ауылдан қатынап, сол мектепте дене шынықтырудан сабақ беретін Алмас кеше кешкісін Бақтыгүлді алып қашты. Қарсылығына қарап  отырмады. Көліктен түспей көп тосылған Бақтыгүл жапа-тармағай жабысқан жеңгелерге:

- Мені бәрібір ертең қуып шығасыздар. Үміттеріңізді ақтар мен емес. Одан да жіберіңдерші,-деп жалынған.

- Ә, айналайын, бәріміз де осылай келгенбіз.

- Әлі-ақ бақытты болып кетесіңдер,-деп «әдейі айтып отырға» жорыған жеңгелер Бақтыгүлге орамал жапқан.

Қуғыншылармен еріп кетуге дәті жетпеді. Науқас анасын аяды. Бұл күннің де бір келерін білген Бақтыгүл «не де болса көрермін» деп, әлдебір  үмітпен еріксіз қалған.

Таң сыр бере бастады. Ақ төсекте сынық жүзін төмен салған Бақтыгүлге Алмас:

- Таң ата үйден кетесің, мен сені жар етпеймін, - деп зілді бұйрығын қадап айтып жатты. Бақтыгүл қарақаттай қара көзінің жасын тыйып:

- Арамызда махаббат жоқ еді, сырымды білмей неге аласың. Мұндай масқаралығымды, бір кезде жасаған қателігімді ата-анам білмесе деп едім, - деді.

Өзен өз арнасымен ағып жатты. Бақтыгүл жарқабаққа төне берді. Көзінен аққан жасты көйлек жеңімен сүртті де, көз ұшындағы ауыл көрінісіне соңғы рет қарады.

Нұрлан Бек, 2000 жыл

Анамнан қорқып жүріп, күйеуімнен айырылып қалам ба деп қорқамын
Қайтып келген қыз жаман
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу