Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Жасым отыз тоғызда. Ақтаулықпын. Бірде Шымкентке қыдырып барам деп, кездейсоқ алып қашудың құрбаны болдым. Алып қашқан жігіт жайлы ойланғым да келмейді.
Туғалы ауылдан адым аттап шықпаған, əріпті де дұрыс танымайтын тəрбиесіз біреу. Мақта терумен айналысатын, əр күні ішіп келетін. Мен бірдеңе десем, маған қол көтеретін. Əр түнде қасыма жақындаған сəттер жаман жиіркенетінмін. Əйелдің жиіркеніші дегеніміз - амалсыз көндігумен аяқталады екен. Сосын төртінші айда жолдасымның əдепсіз əрекеттеріне шыдай алмай, үйден қашып кеттім. Ақтауға итке ұқсап құр сүлдерімді сүйретіп əзер жеттім. Содан ол мені іздеп келмеді. Келмегеніне де шүкір.
Иə, мен солай бір рет тұрмыста болдым. Сосын үйге келген соң жұмысқа тұру үшін əрекеттендім. Ол əрекетімнен түк нəтиже шықпады. Сөйтіп, сандалып жүргенімде Сейтпен таныстым. Сейттің өз кəсібі бар. Тері өңдеумен айналысады. Жақсы жігіт. Жасы жиырма жетіде. Менен жасы кіші. Дегенмен, бұрын сезінбеген сезімдер мен бөленбеген құрметтерге қазір бөленіп жатырмын. Сейттің Бакуде əйелі бар. Мен соған қарамастан оған есім кете қатты ғашықпын. Ол да мен дегенде сезімнің жалынына өртенетіні анық. Мен оның дүниесіне емес, сом тұлғасына, азаматтығын ұнатамын. Не істеймін? Біреудің бақытын ұрлаймын деп ойламаған едім. Бірақ,сезімге шектеу қоя алар емеспін.Мезгілсіз келген сезім мерт етер деген шындық екен.Бәлкім бағым сол жігіт шығар...
Майра