Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
1) Интеллект әкесінен баласына берілмейді. Яғни, егер әке ғұлама болса, ұлына бұл қасиет мүлде берілмейді.
2) Нақұрыстық та әкесінен баласына дарымайды. Егер өзің түзелмейтін есалаң болсаң, онда ұлың да сондай болады деу қате ұғым. (осыныңызбен құттықтаймыз!)
3) Интеллект әкесінен тек қызына өтеді. Әрі тек жарым жартылай.
4) Жігіт интеллектіні тек анасынан алады. Ал, анасы өз әкесінен алады.
5) Ғұламаның қызы әкесіндегі ақылдың тура жартысына ие болады, қыздың ұлы (жиен) ғұлама болады. Егер әкесі ақымақ болса, қызы да жартылай ақымақ болады.
6) Сондықтан дана әйел болмайды. Сол сияқты жүз пайыз ақымақ әйел де жоқ. Есесіне ғұлама еркектер мен топас еркектер жетіп артылады.
Осыдан ішкіш ақымақтар мен тірі жесірлер легі көбейді. Оған қоса Нобель сыйлығының иегерлері. Олардың көбі ер адамдар.
Еркектер бұдан не түйеді:
1) Ұлыңның ақылын білгің келсе, әйеліңнің әкесіне қара (егер ол академик болса, онда сіздің ұлыңыз да академик болады).
2) Қызың ақылыңның жартысын алады. Сонымен қоса жаманатыңның да жартысын алады. Интеллекті бойынша ол әкеге жақын болады. Қыздың ұлы (жиен) ақылыңды бүтіндей алады. Ақылды ұрпақ аңсасаң, қызым болсын де.
Еркекке ақыл анадан дариды. Нақтырақ айтқанда, нағашы атасыдан.
Әйелдер не түйеді:
1) Ұлыңның ақылы — өз әкеңнен сіңеді, сондықтан балаңа «әкең сияқты топассың» деп ұрысу бекер.
2) Қыздың тәрбиесі өзіңе тартады, ал ақылы әкесінен беріледі. Қыздың ұлдары күйеуіңнің ақылын алады.
Аударған – Шынар ӘБІЛДА