Ажырасудан басқа амал қалмады

Oinet.kz 11-05-2022 3695

Мен ішкі сырыммен бөлісейін дегенмін. Ешкімге айта алмаған соң, сіздерге жазып отырмын. 

Screenshot_19.jpg

Менің күйеуім, екі балам бар. Соңғы кездері жолдасымның басқа біреуі бар екенін білдім. Алдында да сезгем. Шындық бәрібір ашылды. Оның маған көзіме шөп салуы осымен екінші рет. Бірінші қатыны да маған неше-түрлі боқауыз сөз айтып, кет деп айқайлаған. Сол қатынға бола мен кетпегем. Бұл – 4 жыл бұрынғы оқиға. Қатемді кешір деп жалынған.

Кеше телефонын тексерсем...

Енді сол оқиғадан кейін  өзімен бір мекемеде істейтін күйеуімен айырылысқан әйелмен кездесіп жүр. Онысын да кешірдім. Екеуі ұрсысып қалғандай, кездеспейтіндей сыңай танытқан. Енді кеше телефонын жай қарап қалсам, «рахмет жаным, сен айтқан дәрі көмектесті  маған» деп жазыпты ватцабына. Қаным қайнады. Үндеген жоқпын. Бірақ мен жолдасым екеуміз бір-бірімізге суып кеткелі қашан. Мен бұрынғыдай оны жақсы көрмеймін. Ол ішеді, шегеді. Кейінгі кездері үйге тамақ, балаларына киім-кешек әпермегелі бір жылдай болды. Бәрін өзім алып берем. Өз ақшама. Ақша жағына келсек, айқайлап-ұрсып, бергісі жоқ.

Менің ақшамда шаруаң болмасын дегендей ұрсып тастайды… Айта берсем, өте көп.

Ал қарсы шықсам, ұрып тастайды. Содан қорқамын да, сосын үндемеймін. Түні бойы ұйқым жоқ. Енді ажырасудан басқа амал қалмады. Балалар үшін жүрмін. Ол да солай сиякты. Бәрібір сол ғашығын тастамайды. Ал мен оған "служанка" ретінде керек сияқтымын. Киімін жуып, тамағын істеп дайындап отырамын.

Мені тағы алдап кетті. Шаршадым.

 Кетіп қалайын десем,  сен кетсең мен өлемін, ішіп кетемін деп жылап шақырып алады, оны аяп  қосылсам тағы ана қатынына кетеді, одан қалса жолдастарымен ішеді, шегеді, карта ойнауы басталады.

Әбден шаршап кеттім. Ешқандай жақсылығын көрген емеспін. Шығарыңызшы, өтінемін. Және жасырын болсыншы нөмірім», депті ол.

Кемшілігіңді бетіңе баспаймын деп еді
«Енем өлген соң өкініп қалдым»: түркістандық келін жылап қалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу