Күйеуім жасамаған жақсылықты жасады

Oinet.kz 13-12-2021 1591

Менің баяғыда бір жігітім болған. Менен 15- жас үлкен. Мен оны қатты жақсы көрдім. Бірақ жанымдағы құрбыларым ”үлкен жігітті қайтесің,сен жассың ғой,оны тастап кетсейші“ дейтін. Құрбыларым үнемі айта бергесін ойланып қалдым да,оған ештеңе айтпастан хабарсыз кеттім. 1- айдан соң бұрынан сөз салып жүрген жігітпен жүріп кеттім. Ол менің бұрынғы жігітім жайлы білетін. Талай  рет бірге жүргенімізді де көрген болатын. Бірақ тұрақсыз деп сөге көрмеңізші, соңғы жігітімді де ұнатып, соған тұрмысқа шығып кеттім.

Screenshot_1.jpg

Әп -әдемі ұл сыйладым.Бірақ  уақыт өте келе миымды жейтін болды.”Ана жігіт ерніңнен сүйген шығар. Қай жеріңнен ұстаттың?”деп, неше түрлі әңгімелер айтатын. Үндемейтінмін. Одан кейін ол жұмысқа кеткенде жалғыз қалатынмын. Күніне он екі сағат.

Келе сала “Үйге кімді кіргіздің? Мына із кімдікі?” деп айқай шығаратын болды. Оған да үндемедім. Кейін қол көтеретін болды. Баласына осы уақытқа дейін бір нәрсе алған емес.

Шыдамым таусылған сәтте кетіп те қалып көрдім. Бірақ ортада бала болғасын тірі жетім еткім келмей қайтып келетінмін.

Бірде оразада бір ағайынымыздың баласы ауызашар беріп, соған бізді де шақыра келген. Енді үйге келген адамға жылы қабақ көрсету керек емес  пе? Əрі өз ағайыны. Сол он оқитын баланың жағасынан алып, үйден сүйреп шығарды. 

Содан бері сол қайным маған келіп жүр деп дау салады.  Адам сияқты сан рет түсіндіріп айттым. Түсінбейді. Ақыры ажырасып кеттім.Ажырасқаныма бір жыл болды.Баяғы жасы 15 -жас үлкен жігітпен сөйлесіп жүрмін. Ол маған күйеуім жасамаған жақсылықты жасап, балама қарасып,түрлі нәрсе алып салып жібереді. ”Әлі де сүйемін. Бұрынғы өміріңді қазбаламаймын. Үйленейкші” дейді. О баста сөзге ерген қателігім бар,бармағымды тістеп жүрмін. Күйеуіме қайта қосылайын десем,наркотик  қолданады. Бір күні қызғанышы үдеп өлтіріп қояма деп қорқамын. Не істерімді  білмеймін.

​«Күйеуімнен құтыла алмай жүрмін»: алматылық әйел көпшіліктен ақыл сұрайды
Дикий Арманның анасы қырғызстандықтардан кешірім сұрады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу