Құрбыларымның бірінің күйеуіне тие салам

Oinet.kz 20-12-2021 1014

Screenshot_3.jpg

Стол басында ерлі - зайыпты кола ішіп отырады.

Әйелі көңілсіз.

Күйеу әйеліне: Көңіл күйің жоқ қой!- десе

Әйелі мұңайып:  -отағасы менің үш баласы бар жесір құрбым бар. Соған әр еркек бір тиісіп көңіл күйін түсіреді екен.  Соны сіз тоқалдыққа алыңызшы-дейді.

Күйеуі шоршып,( ішінен қуанып)  неге олай дедің десе,  әйелі:  ертең ана жақа барғанда сол бойдақ құрбыларым  неге мені күйеуіңе тоқалдыққа әпермедің? — деп жағамнан алады ғой-деп мұңаяды. Күйеуі ойланып қалады.

Ролик қой.

Осы роликті біздің үйдегі  қамнан қаперсіз кола ішіп отсам маған жібереді ғой.  Әнгімеге тартып:

Подружкілерің болса тоқалдыққа алып берсей..

Колама шашалып күліп жібергенімді жақтырмай -Ыржалақтамай қадірімді біл. Ертең мен кетсем, саған да әр еркек тиіседі. Жүресің сол мазақ болып.

Қатынды жеңген адам иті жоқ ауылда- деп естігенмін..

Сөзден жеңілетін мен бе?

- Түк уайымдама сен кетсең подружкаларымның бірінің күйеуіне тие саламын.,  Сөзден жеңілді білем,  сол күннен бастап мұндай роликтерді тығылып отырып көретін болды.

Подружкаларым шошып қалмасын,  менікі жай әзіл ғой. Қазіргілер тоқал алмастан бұрын,  өз әйелі мен бала-шағасын ептеп алсыншы алдымен.)

Салтанат Абылбекова,

Фейсбуктегі парақшасынан

Бала үшін жездеме тұрмысқа шыққаным дұрыс бола ма?
Енеме дауыс көтергеніме ыңғайсызданып жүрмін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу