Жан құрбым болашақ күйеуімді өзіне қаратып алды

Oinet.kz 03-06-2022 1479

Мен осыдан 3 жыл бұрын бір жігітпен танысып едім. Екеуміз арластық, кездесіп жүрдік. Бірақ біраз уақытқа байланысымыз үзіліп кетті, ол хабарсыз болды, себебін айтпады. 5-6 айдан кейін қайтадан хабарласып, кездесуге шақырды.

Screenshot_3.jpg

Мен құрбыларыммен қайда барсам, ол сонда келіп міндетті түрде көріп кететін.Қарым-қатынасымыз бұрыңғыдай емес еді, өзім де түсінбей жүрдім. Ол не ашылып айтпайды, мен сұрауға ұялдым. Соның арасында оны мен өзімнің ең жақын құрбыммен таныстырған едім, «мен жайлы не айтады, сұрашы» деп өтіндім. Құрбым: «ол үнемі сені сұрайды, сені қызғанады» деп айтатын, мен оны естіп кәдімгідей қуандым.

Мен өзім ұнататын жігіттен үмітімді үзбей жүрдім. Бірақ уақыт өте келе жаңағы құрбым оны өзіне қаратып алыпты. Мұны білгенде қызғаныштан ішім өртеніп, жарылардай болдым. Мен құрбыма бар сырымды айтып, ол жігіттің маған қалай ұнайтынын, басқа жанмен оны бірге көре алмайтынымды, қызғанатынымды, бәрін айтатынмын. Соның бәрін біле тұрып, ол маған сондай иттік жасады. Көзімше сол жігітпен кездесіп, смс-терін маған оқытып, жанымды жаралайтын. Мен ол құрбымды жақсы көргендіктен үндемедім, өзі біліп, қоятын шығар деп ойладым. Енді жақында сол құрбым тұрмысқа шықты. Сол мен жүрген жігітке шығыпты. Мен оны естіп талып қалдым кәдімгідей. Жыладым, мұңайдым, қиналдым, бәрі бекер. Неге олай еткенін енді түсіндім, ол жігіттің ақшасына қызыққанын. Мен құрбыма үнемі айтатынмын, ол жігітпен қайда барғанымды, қалай қыдыртқанын, жаңа көлік алғанын, немен айналысатынын, қалталы екенін білген ол, өзі көз тастаған екен.

Мен, ақымақ жігіттің қалтасына қарамайтындықтан, оның арам ойын түсінбеген екем уақытында. Енді не істесем болады? Мен оны қайтарам деген ойда емеспін. Бұл азаптан, бұл жүктен қалай құтылсам болады? Миым қатып кетті, болмайтын нарселерге ашулана берем, ешкімді жақтырмаймын. Сөз салып жүрген басқа жігітке де қатты сөйлеп қоям кейде. Есіме сол екеуі түссе, өмір сүргім келмейді.

Аноним

alashainasy.kz

Кенже сіңілім қартайған анама қол көтеріп жүр
Екі ұл, екі келін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу