Мүлде үйленбеген жігіт есік көрген келіншек алса бола ма?

Oinet.kz 20-11-2021 4427

Screenshot_1.jpg

Мен бүгін сіздерден кеңес сұрағалы отырмын.Өзім ойлай –ойлай дұрыс шешімге келе алмай отырмын.

Түсінікті болу үшін басынан бастап жазайын.Барынша қысқартып, түсіндіруге тырысамын.Орыс класта оқыдым.Ойымды дұрыс жинақтай алмай жатсам айыпқа бұйырмаңыздар.

Бес жыл бұрын «ажырасқан»деген жаман атқа ие болдым.

Шынымды аййтсам өте жаман екен.Ондай атқа ие болғанша,сол үйден неге өлігім шықпады деп ойлаған кездерім де болды.Біраз уақыт депрессияға түсіп кетіп, одан шыға алмай жүрдім.Көрінгенге көз түрткі болдым.Ажырасқан дегенді естісе немесе білсе кез келген еркек  сені  мыжғылап мауқын басқысы кеп тұрады екен.Ол кезде ауыр күйзелісте жүріп еркекке қарайтын  шамам болған жоқ.

Арадан бес жыл өтті.Жасым 24- ке кетті.Енді ойлана бастадым.Қашанғы осылай бойдақ өмір жақсы деп жүре бермекпін.Тұрмыс құруым керек деп шештім.Сонымен жақында бір жігітпен таныстым.Жүргенімізге бес айдай болып қалды.Мен өткен өмірімді жасырмай бәрін айттым.Түсінушілікпен қарады.Бірақ,бұл жайлы әке-шешеме айтпаймыз,білсе маған үйленуге рұқсат бермейді деп қалды сөзінің арасында.Басында қуана келіскеніммен,артынша ойланып қалдым.Ертең біреуден болмаса біреу айтпайды дейсіз бе?Тым болмаса өз жағымнан біреу сыбырлай қоймайды дейсіз бе?Қашанғы жасырып жүреміз. «Өтіріктің өрісі тар» деген.Жігітім бар айыбымды бетіме баспай құда түсіп,сырға салып алмақшы.Келесі айда үйленейік дейді.Бір ай ғана уақытым қалды.Не істеймн?Кеңес беріңдерші.Тығырыққа тірелдім.Ата –анасына айтпай тұрмысқа шығып алуға дәтім барар емес.Айтсақ не болады?Үйленбеген ұлына,есік көргенде қабылдай ма?

Жамал,

Ақтөбе қаласы

"Алаш айнасы"

Көңілдес болғым келеді
Туған әпкем қайын атаммен әуей...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу