Бойдақ жігітті таңдайын ба, әлде...

Oinet.kz 25-01-2021 1952

Қайырлы күн, құрметті қауым! Әр күндеріңіз сәттіліккке толы болсын. Мен бүгін сіздермен сырымды бөліспекпін.

image.png

Жасым 26-да. Тұрмысқа 21 жасымда шықтым. Аллаға шүкір, екі ұлым бар. Бірақ жолдасыммен дәм-тұзымыз жараспай, ажырасып кеттік. Айырылысқан кезде бір ұлым бар еді. Ештеңе етпес, өзім өсіріп, жеткізем деп ойладым. Бірақ ажырасқан соң екі айдан кейін жүкті екенімді білдім. Бала үш айлық екен.

Жолдасыма жүкті екенімді айтып едім, бала өзіңе бұйырсын деді. Баланы алдыратын ойым да болған жоқ, босанамын деп шештім.

Баланы босануға санаулы күндер қалғанда жолдасым туыстарын алып келді. Қайта қосылайық деді. Бірақ менің барғым келген жоқ. Өйткені ол маған үйленбей тұрып бірінші отбасы болған. Маған қол көтеретін, арақ ішетін. Қосылғанмен бақытты бола алмайтынымызды түсіндім.

Екі баламмен қазір бақытты өмір сүрудемін. Ажарысқаныме еш өкінбеймін.

Ендігі мəселе, мен екі бірдей жігітті жақсы көремін. Бірінің əлі отбасы бар, бірақ мені ұнататынын айтады. Оның екі қызы бар.

Ал екіншісі бойдақ жігіт.

Екеуін де қатты жақсы көремін. Ақыл-кеңестеріңізді аямассыздар деп үміттенемін.

Өтініш, бірақ мені сөге көрмеңіздерші. Жүрекке əмір жүргізе алмайсың ғой.

Қайсысын таңдасам екен?

Аноним  

Үйленбеген жігітті сүйіп қалдым
Туған сіңлім мен туған қайным көңіл қосып жүр...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу