Ашаршылыққа қатысты беймәлім деректер
21-05-2024
Егер қызыңызбен қарым-қатынасыңыз жақсы болғанын қаласаңыз, мына қағидаларға назар аударыңыз.
1. Оның не айтып жатқанын мұқият тыңдаңыз. Себебі ол өзінің ойымен бөліседі.
2. Қызыңызға әдемі екенін жиі-жиі айтып тұрыңыз.
3. Сізге ана болудың қажеті жоқ, өйткені сіздің рөліңіз басқа.
4. Ешқашан дауыс көтермеңіз. Ал егер бұған дейін дауыс көтерген болсаңыз, кешірім сұраңыз. Одан сіздің абыройыңыз түсіп қалмайды.
5. Қызыңыз жаңа ойыншық сатып алуды сұраса, міндетті түрде орындаңыз. Қыздың көңілін қайтаруға болмайды.
6. Әр қызға ханшайымға қарағандай қарау керек.
7. Үлкен қызыңыз қоңырау соқса, ақша сұрайын деп жатыр деп ойлап қалмаңыз. Мүмкін ол сіздің қал-жағдайыңызды білгісі келген шығар.
8. Қызыңыз бой жетіп кетсе де, жиі-жиі құшақтаңыз. Өйткені қыз бала әкесінің мейірімін аңсайды.
9. Көлік жөндеп жатқанда немесе басқа да бір іс істеп жатқанда қызыңыз көмек көрсеткісі келсе, бас тартпаңыз. Болашақта "әкемнен үйрендім" деп мақтанып жүреді.
10. Бірге істейтін істер болу керек. Мысалы: картоп тазалау, көлікжайға бару, т.б.
11. Қызыңыз сіздің қандай қиындық болса да қорған болатыныңызды сезіну керек.
12. Бөлмесі әрдайым таза әрі жинақы тұру керек. Қадағалап тұрыңыз.
13. Дәрігерлер мен медбикелерге сыпайы сөйлеңіз. Өйткені ол сіздің қызыңызға денсаулық тілейді.
14. Кешқұрым саябақта серуендеуді ұмытпаңыз. Сонымен қатар қызыңызбен циркке де барып тұрыңыз.
15. Ешқашан "анаң дұрыс айтпады", - демеңіз. "Біз" деген сөз қыздың психикасының дамуына мол әсер етеді. Бірге шешім қабылдаңыздар.
16. Жұмыстан кейін футбол көргенді ұнатасыз ба? Бірге қараңыз. Себебі футбол қарау арқылы қызыңыз жан-жақты болады.
17. Қызыңыз жыласа, кінәлі адамды іздеуге асықпаңыз. Жылап болғанын күтіңіз.
18. Өзіңіз ойдан ертегі ойлап табыңыз. Ол өте қызық әрі көңілді.
19. Қызыңызға анда-санда жүгіруге, секіруге, өрмелеуге рұқсат беріңіз.
20. Жолдан өткенде немесе базарға барғанда міндетті түрде қолынан ұстап жүріңіз.
21. Қызыңыздың еңбегін бағалаңыз. Не жасаса да көмектесіп, бірге істеуге тырысыңыз.
22. Киімін мұқият қадағалаңыз.
23. Оның айтқан құпиялары туралы ешкімге тіс жармаңыз. Тіпті ол өзі бәріне айтып қойса да.
24. Салған суреттеріне, құрастырған ойыншықтарына көңіл аударып, ризашылығыңызды білдіріңіз.
25. Ең соңғысы: гүлді тек әйеліңізге сыйлау міндетті емес.
Бұл 25 қағида сізді әлемдегі ең керемет әке етеді. Бәрін бүгіннен бастаңыз.