Әйелді қалай бақытты қылуға болады?

Oinet.kz 30-10-2019 2365

Kelin---ay---yilyi--yimen-s--ykimdi.jpg

Отбасы, неке – исламдағы ең үлкен құндылықтардың бірі. Оны берік ұстап тұру тек әйелге ғана емес, ер адамға да байланысты.Сондықтан әйеліңізді бақытты ететін қарапайым шариғат қағидаларымен бөлісуді жөн көріп отырмыз:

1. Ашушаң болмаңыз, әйеліңіз сіздің жаныңызда өзін қауіпсіз сезінсін.

2. Үйге келгеніңізде әйеліңізге «Ассалямуалейкум» деп амандасыңыз. Ондай үйге шайтан жоламайды.

3. Пайғамбарымыз (с.а.у.) әйелді аялап ұстауды қажет ететін хрусталь ыдысқа теңеген. Әйел табиғаты өте нәзік. Онымен қарым-қатынаста өзіңізді барынша қадағалаңыз.

4. Әйеліңізге кеңесті оңашада әрі өте жұмсақ айтыңыз. Оның кемшіліктерін жұрт алдында ауызға алудан абай болыңыз.

5. Жомарт болыңыз, әйеліңізге сараңдық танытпаңыз.

6. Ашуға бой алдырмауға тырысыңыз. Отбасы болғаннан кейін түрлі жағдайлар болады. Кейде кішкентай мәселеде келіспей қалуларыңыз мүмкін. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ашуланған жағдайда отыруға, отырған жағдайда жатуға бұйырған.

7. Әйеліңіздің алдында әдемі көрінуге тырысыңыз, жағымды әтірлер сеуіп жүріңіз. Мұндай жағдайлар қарым-қатынастағы жылылықты сақтауға көмектеседі.

8. Әйеліңізбен қарым-қатынаста қаттылық танытпаңыз. Бұл сіздерді бір-біріңізден алыстатып жібереді. Қаттылық жүрегіңізді Алладан да алшақтатады.

9. Әйеліңізді тыңдап, оның пікірін қабылдай біліңіз.

10. Арасында жұбайыңызды мақтап тұрыңыз. Өйткені әйел адам не істесе де, оны сіз үшін және балалары үшін істейді. Оның еңбегін бағалап, мақтап тұрыңыз.

11. Онымен дауласпаңыз. Дауласу – некенің жауы. Хадистердің бірінде: «Егер Алла тағала адамдарға жамандық қаласа, олардың ортасына дау салады» делінген.

12. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мұсылманға әйелін оған ұнайтын ең әдемі есімдермен атауды бұйырған.

13. Оған тосын сыйлар жасап тұрыңыз. Жарыңызды күтпеген сыйлықтармен қуантып тұруды ұмытпаңыз. Мысалы, әйеліңізге қарбыз ұнайтын болса, оны үйге әкеле салудың еш қиындығы жоқ қой.

14. Тіліңізді тыйыңыз. Оның пікірімен келіспесеңіз де эмоцияға берілмей, мәселенің ақырын күтіңіз. Адамды тозаққа тілі апаратынын естен шығармаңыз.

15. Бәрінде кемшілік бар. Әйеліңізді бар қалпында қабылдаңыз.

16. Оны бағалайтыныңызды білдіріп тұрыңыз. Оның сізге жасаған қызметі өзіңіз үшін өте жоғары бағаланатынын білсін.

17. Оның ата-анасы, туған-туыстарымен қарым-қатынасына үнемі қолдау көрсетіңіз.

18. Онымен қызығушылықтары туралы әңгімелесіңіз.

19. Туған-туыстардың алдында мақтап, дәрежесін көтеріп қойыңыз.

20. Иманына күзетші болыңыз. Ұйықтап қалып жатса, намазға оятыңыз. Ерлі-зайыптылар бір-біріне Жәннатқа жетелеуші болуы керек.

21. Оның сорпаның тұзын көп салып жібергені секілді кемшіліктеріне көз жұма қараңыз. Әйеліңіз туралы тек жақсы ойда болыңыз. Тым болмағанда оған кек сақтамаңыз.

22. Әйеліңізбен әсіресе жүкті, хайыз кездерінде сабырлы болыңыз.

23. Жұбайыңызды қызғаныңыз. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Әйелін қызғанбаған жан Жәннатқа кірмейді», – деген.

24. Өз пікіріңізді оныкінен жоғары қойып, онымен ақылдаспай шешім қабылдамаңыз.

25. Достарыңызды әйеліңізден жоғары қоймаңыз.

26. Әйеліңізге үй шаруасында көмектесіп тұрыңыз. Үйдің барлық жауапкершілігі әйелдің нәзік иығында жатыр. Оның шаршауы мүмкін, сондай кездері түсінетініңізді ұқтырып, кей істерін жеңілдетіңіз.

27. Сөзде де, істе де сізге ең жақсы әйел бұйырғанын айта жүріңіз. Сонда жұбайыңыз одан да үлкен махаббатпен жауап беретін болады.

28. Әйеліңіз үшін дұға жасаңыз. Тек Алла тағала ғана сіздердің некелеріңізге махаббат пен береке нәсіп ете алады.

29. Оның есіне өткен қателіктерін сала бермеңіз.

30. Отбасыңызды қаржымен қамтамасыз еткеніңіз себепті көкірегіңізді керіп, өзіңізді отбасындағы басты адам санамаңыз. Оның да отбасында өз міндеттерін атқарып жүрген тең құқылы адам екенін көрсетіңіз.

31. Оны тамақтандырыңыз. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) үмбетіне бұл нәрсені үйретті. Мұндай қарым-қатынас ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген махаббаты мен мейірімін арттырады.

32. Әйеліңізге жылы жүзбен, жымиып қараңыз. Бұл – сүннет әрі мейірім.

33. Балаларыңызды тәрбиелеуге көмектесіңіз. Көптеген ер адамдар бала қарау әйелдің ғана ісі деп ойлайды. Бұл – қателік. Керісінше көмектесу керек.

34. Әйеліңізге оның әдемі екенін айтып тұрыңыз. Нәтижесінде жұбайыңыздың бұрынғыдан да сұлулана бастағанын байқайсыз.

35. Одан құпияңыз болмасын. Арадағы сыр түсініспеушілікке алып келуі мүмкін. Алла тағала сіздердің үйлеріңіз бен жүректеріңізді тыныштыққа, махаббатқа, мейірімділікке толтырсын! Әрі Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) секілді ең абзал күйеулерден етсін!

Дереккөз: islam.kz сайтынан

Құда түсу – некелесу емес
Тым ерте үйленгеніңіздің 4 белгісі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу