Құда болу салты

Oinet.kz 13-09-2019 1415

Screenshot_20.jpg

Құда болу күні ырым бойынша сәтті күннің бірін тағайындайды. Бұрынғыдай бесік құда болысу атымен жоқ деуге болады, бүгінде қыз бен жігіт әуелі өздері танысып, табысып, үйлену мәселесін біржола кесіп-пішіп қойғаннан кейін ғана ата-анасына айтады. Ұлдың әке-шешесі аяқ астынан әбігерге түсіп, қыздың ата-анасының алдынан өтуге дайындалады. Тіпті, екі жастың ата-анасы кафе-мейрамханада кездесіп, екі жақ дәстүрлі қалыңмал мөлшерін анықтайды. Баяғыдай қырық жеті малды атап беретін заман болмағанмен, ежелгі салтымызға сай баласының қызығы үшін аянбайтын қазақ құдалықтың жөн-жоралғыларын жасайды. Қалыңмал ұдайы нақтылы бір мөлшерде қала бермейді. Оның мөлшерін ауқатты немесе бәсекешіл адамдар өзгертіп отырады. Дегенмен, өзіндік мөлшері азды-көпті жоғарылап не төмендеп өзгеріп отырады. Мәселен, қазіргі кезде мың — екі мың доллар көлемінде қалыңмал төленеді. Қалыңмал жігіт жақтың материалдық жағдайына байланысты бөлініп бір, екі яки үш мезгілге төленеді. Тағы да қалыңмалдың оннан бір мөлшері «Ағалық хақы» деп беріледі. Қалыңмалдың белгіленген мөлшері төленген соң, екі жақ кұдалық той жасау күнін белгілейді.

Күнелтіп отырған жалғыз сиырлары ұрланған қос қария
Тұсаукесер. Оны қалай жасайды?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу