Қазыбек Иса. «Мұрат»

Oinet.kz 03-10-2018 1213

55347eab88fa5.jpg

Маңдайын күнге күйдірген,

Табанын жерге тілдірген

Қаймана қазақ ақысын,

Қайтару үшін жүрмін мен.


Ұстаған найза үкілі,

Ұлтымның қайда бітімі?

Ауыздан көбі кетсе де,

Ауыздан түспес шүкірі…


Торғауыт кимей тоқсанкөз,

Торлаған бұлт қауіпті…

Толғатып елім тосқан кез

Толағай ұлдар тауыпты…


Аласың Күннен шуақты,

Табасың жерден қуатты.

Жеттің ғой, енді сақтай біл

Мұраға қалған Мұратты.


Қайран да менің қазағым,

Қаранға салды-ау азабың,

Қаныңда бар-ды қайсарлық,

Қаныммен соны жазамын…


Маңдайын күйге күйдірген,

Табанын жерге тілдірген,

Қаймана қазақ ақысын,

Қайтару үшін жүрмін Мен!..

Қазыбек Иса. «Өмір-өзен»
Қазбек Құттымұратұлы. «Ой»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу