Жанат Әскербекқызы. «Бір өлең»

Oinet.kz 25-09-2018 1198

Естідің бе ақпан әнін,

Қабағында - қап-қара мұң.

Мұңаяды мұңлық-жалған,

Ақ-қарасы Хаққа мәлім.

Төгілтеді ақпан әнін,

Білер бір күн жоқ боларын,

Қарашықтан сырғыған жас

Қарға айналып тоқталарын.

Ақпан, ақпан... жүрегі мұз,

Кімге өкпелеп жүр едіңіз?!

Құлшылық қып тұрса да әлем

Жылымады-ау бір өңіңіз...

Жауабы жоқ сұрағымның,

Жүрегінде, сірә, бір мұң,

Мен де солай... іштен тынып,

Іштен ғана жыладым мың.

Қас-қабағын қар шалады -

Көктем-қыз ғой аңсағаны.

...Ақбоз атын ойқастатып,

Ақпан-жігіт ән салады.

Жанат Әскербекқызы. «Ғажайып мекен»
Жанат Әскербекқызы. «Арғанаты»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу