Жанат Әскербекқызы. «Қаңтардағы қармен әңгіме»

Oinet.kz 25-09-2018 1407

Тәкаппарсың. 

Сұп-суықсың. 

Әппақсың... 

Әппақ болып аяқ асты жатпақсың. 

Жерде жатып, 

Көктен түскен қалпыңмен 

Асқақ, әппақ болмысыңды сақтапсың...   


Қаңтар – тәнің, аяз – жаның, әппағым... 

Сені іздеп жүр күміс тоғай бақта кім?! 

Күміс күйме сыңғырына елітіп, 

Мен де іздегем әлдекімді... таппадым.   


Ақ бораны сенделеді Арқаның... 

Өзіңе де, өзіме де бар таңым. 

Қаңтар бізді тастап кетер жұртына, 

Сонда оны сүйемісің, Қар-Ханым?!.

Жангелді Немеребаев. «Қарғалдақ гүлі»
Жанат Әскербекқызы. «Пирамида мәтіндеріне қосымша»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу