Жангелді Немеребаев. «Қайықсыз қасіретті кешіп ерен...»

Oinet.kz 25-09-2018 813

Қайықсыз қасіретті кешіп ерен,

Шер жұтып,мұңға батты-ау есіл өлең.

Сәбиін жүрегімнің жұбатайын,

Өмірге өкпе артамын несіне мен.

Сыйласқан артта іні,алдымда аға,

(Еркелікпен сайран да салдым дара)

Кей-кейде түсірсе де шырғалаңға

Түсінікпен қарадым тағдырға да.

Достықтың өлкесінде өрісі кең,

Таныдым тілектесті көп ішінен.

Қас қылған дұшпанға да кектенбедім,

Құндырақ өмір маған сонысымен.

Қиялмен мініп талай ерттеп елік,

Сезіммен түстім қанша өртке келіп.

Махаббат машахаты жеңе алмаған,

Ақын едім сүю мен сертке берік...

Жангелді Немеребаев. «Кейде аңсаймыз жазылмаған тағдырды»
Жангелді Немеребаев. «Мен тауға барсам да...»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу