Жангелді Немеребаев. «Мен тауға барсам да...»
Мен
Тауға барсам да,
Бауға барсам да бәрі-бәрінде жүретін
жолдың...
Сезіммен тылсым
Бөліскен сырды,
Корғайтын менің
Періштем сынды
Сол жағымда өмір сүретiн болдың.
Көңілімді де,
өмірімді де
Жайнатар сенсің гүл өпкен арман.
Ән-жырымды да,
Тағдырымды да
Жап-жарық етер бір шырақ сенсің,
Жүректе жанған.
Жалған мұңым ба,
Калған гұмырда
Сендегі сертпен байланған едім?
Тағдырдың озі әсiлi мұңлы,
Кешірсін Алла асылығымды,
Мен сүйген арман-
Күннен де сұлу,Айдан да Керім!