Жангелді Немеребаев. «Жабырқаулы болғанымен аты Бақ...»

Oinet.kz 25-09-2018 1103

Bmh6LDkCIAEabPH.jpg

Жабырқаулы болғанымен аты Бақ,

Басында оның өзіне тән бар қайғы.

Мезгілінен ерте үзілген жапырақ,

Кім біледі өз тағдырын қарғайды?

Ең тамаша күз айлары жеткенде,

Жапырақтың желге ұшуы-заңдылық.

Биылғы күз гүл жармаған көктемдей,

Шыршадайын жасыл желек мәңгілік.

Қанша жасыл болғанымен ізгі әйбәт,

Елші құстар біздің жақта қалмайды.

Сағынумен ғұмыр кешкен Сізді ойлап,

Менің жаным күзден бұрын сарғайды...

Жангелді Немеребаев. «Мен тауға барсам да...»
Жангелді Немеребаев. «Камелия»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу