Ертай Ашықбаев. «Сантехник Алпамыс»

Oinet.kz 23-09-2018 964

Без названия.jpg

(Мадақ жыры)

Уа, сантехник Алпамыс,

алдыңа кеп құлдық ұрды алты арыс!

Қыста тоңбау,

жазда мөлдір су ішу —

бұл-дағы бір алқалы іс.

Ана жағың —

көне бетон,

көк асфальт,

Мына жағың — құбырдағы қарт ағыс.

Сен шыққанда үйіңнен —

әлденеге мұңданады әр таныс.

Білгің келсе,

сен деген —

төбемізде ұшып жүрген қалқа құс!


Уа, аймаққа сыйлы ізгім,

темірге қалпақ кигіздің,

тасқа алау тигіздің.

Бір төбенің толқынын

бір төбеге құйғыздың.

Жем-Сағыз бен Ойылды,

Қарғалы мен Електі

бір құбырға сыйғыздың.

Сен шыққанда көшеге,

тікесінен тік тұрады —

Үй біздің!


асыңнан бақ кетпегей,

жауың жүрсін — беттемей,

бізге де төк мейіріміңді шектемей.

Уа, Алпамыс,

бұл сенсіз

мына Ақтөбе шаһарыңыз не етпек, ей?!

Уа, тоқтайын!

Бұл сөзім

Астана жұрт әкімдері құлағына жетпегей!

Алысатын ерімді —

күндіз демей, түн демей,

Қарысатын ерімді —

жауап бермей,

үндемей,

дәрі беріп ұйықтатып,

солар бір күн алып кетіп жүрмегей!..

Ертай Ашықбаев. «Тағы бір хат»
Ертай Ашықбаев. «Барыс-келіс»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу