Қадыр Мырза Әли. «Батпақ»

Oinet.kz 16-09-2018 1344

Батпақ емес жай ғана

Бұл араның батпағы,

Жүре алмайды тайғанап,

Адам түгіл ат-тағы!

Айналған ба желінге

Аспан мына расында?!

Желім деген желім бе,

Бұл батпақтың қасында!

Қара бұрым салбырар,

Қара бұлттар қалықтап.

Қонышыңды қалдырар,

Ұлтаныңды алып қап!

Шоферді сәл қолдаңыз,

Шатынамай, жұлынбай.

Ызыңдайды "Волгаңыз"

Балға қонған шыбындай!

Болса мұнда біраз күн,

Батпақты бұл ұғады.

Жымпитыда "КамАЗ-дың"

Жан дауысы шығады.

Көрдіңіздер талайын,

Керегі не көп "мақтап!" ...

Қанша жақсы ағайын

Қалды сонда батпақтап!

Қадыр Мырза Әли. «Ауылдастар арасында»
Қадыр Мырза Әли. «Бұл жерде»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу