​Сұлтанмахмұт Торайғыров. Шыны осы

Oinet.kz 02-09-2019 973

Картинки по запросу Сұлтанмахмұт Торайғыров

Адам сәні барлық шақта

Аброй, бірлік ынтымақта.

Шында ғана тұрақтылық,

Күйе жұқпас көңіл аққа.


Менде ағайын, жақын жоқ па,

Зая қылар барды жоққа.

Қылдан тайса қылтық етіп,

Нысана ғып байлар оққа.


Көңілденсе көзге мақтап,

Жамандайтын сырттан мықтап.

Өзі мықты, өзі білгіш,

Қолдағанын қалмақ сақтап.


Ашуланса пәле жаппақ,

Аузын алсаң, алмақ ақтап.

Көпірме сөз көсіледі,

Іркілмей-ақ бойға шақтап.


Болыссызға кінә тақпақ,

Бар мініңді іздеп таппақ.

Жақынына опасыз жан

Кенелтпекші кімді жақтап.


Туысқанға өтпейді кек,

Кінәласса болғаны тек.

Ағайын боп бал жаласпақ,

«Түбі бірге түтпейді» деп.


Мұндай жақын кімге қымбат,

Кімге адамдық опа қылмақ.

Бұзылмалы сабындай-ақ,

Толқымалы болса сынап.


Өзіме өзім қойдым сұрақ,

Жауабымда шыннан шырақ.

Адал жолдас, жаны туыс,

Маңымда жоқ, бәрі жырақ.

​Сұлтанмахмұт Торайғыров. Шықай менен Шағала
​Сұлтанмахмұт Торайғыров. Іздедім, іздесем де таба алмадым,
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу