Мұқағали Мақатаев. «Қиын не бар?..»

Oinet.kz 02-09-2019 1727

1450429369_3a4a2274e8d7a715dc31bd6a5e55551f.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c413989.jpg

Мың құбылған қуаныштан, дерттерден,

Қиын не бар, адам жанын зерттеуден?

Мен келемін өз жанымды зерттеумен,

Бірде аяз, бірде жалын, өрт кеудем.

Арзан не бар ойнау менен күлуден,

Қымбат не бар, адам сырын білуден?

Мен әуремін, өз сырымды білумен,

Кеше бұзып, өкінемін бүгін мен,

Жылдарымды еске аламын бүлінген.

Адамдардың жаны менен жүрегін,

Ойлайтын ем, бір кісідей білемін...

Ажырата алмай шуақ, түнегін,

Танығанға мәз болыппын іреңін.

Ертең басқа, бүгін жақсы көргенім,

Өз көзіме өзім,

Ғажап!

Сенбедім.

Кесерткідей ауыстырған ендерін,

Түсінбеймін қылығына пенденің.

Жылдар бойы бірге жүріп, бір күлген,

Жақыныңның жат боларын кім білген.

Адамдарды зерттей алмай жүрмін мен,

Оны зерттеу мүмкін емес, білдім мен...

Мұқағали Мақатаев. «Көктемде»
Мұқағали Мақатаев. «Ұқсастық»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу