Мұқағали Мақатаев. «Керек осы адамға»

Oinet.kz 02-09-2019 1199

1450429369_3a4a2274e8d7a715dc31bd6a5e55551f.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c413989.jpg

Керек осы адамға?

Бүгін бе, болашақ па?!

Ақылгөй кәрілік пе, бала шақ па?!

Қиын-ау, өзің жатып жерошақта,

Жансыз тән, жанарсыз көз - болашақта.

Әлде өмір сүрмекпісің бүгініңмен?!

Бүгіндік тірлік қуып, жүгірумен,

Өтпекпісің?!

Қолыңды бір-ақ сілтеп,

Ұмытып болашақты түңілумен?!

Күн кешіп жығылумен, сүрінумен?!

О, өмір!

О, неғылған сиқыр едің,

Қалай-қалай соғады құйты желің?!

Діңкелеп, шаршап келіп жантайғанда,

Тәтті бір түс көрсеткен ұйқы ма едің?!

​Сұлтанмахмұт Торайғыров. Жазғы қайғы
​Сұлтанмахмұт Торайғыров. Жақсылық көрсем өзімнен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу