​Сұлтанмахмұт Торайғыров. Жақсылық көрсем өзімнен

Oinet.kz 02-09-2019 1412

Картинки по запросу Сұлтанмахмұт Торайғыров

Жақсылық көрсем өзімнен,

Жамандық көрсем өзімнен.

Тағдыр қылды деулерді

Шығарамын сөзімнен.

Өзім қылдым деулерді

Таса қылман көзімнен.

Жазалы емес құдай да,

Күн мен жұлдыз һәм ай да.

Жұмақ күткіш наданның,

Орны дозақ әр қайда.

"Теңгерер соңыра" — деген сөз -

Тек жұбаткан бір айла.

1914

Мұқағали Мақатаев. «Керек осы адамға»
Мұқағали Мақатаев. «Алаула, шындық - ақ жалын»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу