Мұқағали Мақатаев. «Тілегім қайда менің көкке өрлеген»

Oinet.kz 29-08-2019 1260

1450429369_3a4a2274e8d7a715dc31bd6a5e55551f.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c413989.jpg

Тілегім қайда менің көкке өрлеген?

Жүрегім қайда менің кек кернеген?

Жүремін неге бұлай бөктерде мен?

Білемін...

Тек терлегем, тек терлегем.

Апырмай, бәрі бітіп қалғаны ма?!

Жеткізбей арманыма, алдағыма.

Аяй гөр, арманым-ау - ардағым-ау!

Үзілген үмітімді жалға мынау.

Жүргізбе мені бүлай бөктерменен,

Алып өт асқарыңа өткелменен.

Тілегім бөктерменен шектелмеген,

Алдымда өмірім бар өткермеген.

Жанымда жалын барда, қиял барда,

Аядай аулаға мен сыя алғам ба?

Аяшы, ая мені, ардағым-ау,

Апарып таста мені қияндарға.

Сырқаттанып жүргенше сызда қалып,

Өлсем де өлейін мен құзға барып.

Мұзға барып құлайын, құздан ағып,

Сөндірейін отымды мұзға малып.

Оралхан Бөкей өмір жолы
Мұқағали Мақатаев. «Бақытым менің алыста»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу