Мұқағали Мақатаев. «Сені азамат дегенге...»

Oinet.kz 29-08-2019 1084

1450429369_3a4a2274e8d7a715dc31bd6a5e55551f.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c413989.jpg

Сені де адам дегенге

Сенбейін бе, сенем бе?!

Ойнақ салдың төбемде,

Көнбейін бе, көнем бе?!

Сендей сұмдық адамға,

Нанбайын ба, нанам ба?!

He тұр екен санаңда,

Жақсы ма, әлде жаман ба?!

Адал ма, әлде арам ба?!

Айласы көп арамға,

Босқа алданып қалам ба?!

Түсінбеймін мен саған,

Түсіне алмай шаршағам.

Күліп барып алдыңа,

Жылап шықты қанша адам.

Сені азамат дегенге

Сенбейін бе, сенем бе?!

...Есінді жи, елерме!

Арамдықты денеңде,

Айдалаға көгенде.

Сазарма да көгерме,

Сенсін десең егерде...

Мұқағали Мақатаев. «Тұрсын солай, болсын солай бәрі де»
Мұқағали Мақатаев. «Баспа, мұнар!»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу