Мұқағали Мақатаев. «Махаббат бейуақытта табыспайды»

Oinet.kz 29-08-2019 1166

1450429369_3a4a2274e8d7a715dc31bd6a5e55551f.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c413989.jpg

Жай ғана көңілде жоқ қалағаным,

Кешкілік бақты ұзақ араладым.

Өбісіп те өлісіп екеу отыр,

Өтіп кеттім, бұрылып қарамадым.

...Есімде жоқ, жаз ба еді, күзде ме еді,

Көп жыл өтті бұл баққа біз келгелі.

Әйтеуір, дәл осылай бейуақта

Құмар көңіл әлдене іздегі еді.

Күзгі түннің салқынын елең етпей,

Отырушы ек ерітіп мұз денені.

Бұл жастық қой білемін, таныс жайды

Махаббат бейуақытта табыспайды.

Махаббатты үлкендер үлесіп ап,

Жастықты інілерге табыстайды.

Мұқағали Мақатаев. «Кереметі-ай, мына жарық сәуленің»
Мұқағали Мақатаев. «Жазғырма мені, жан-аға»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу