Мұқағали Мақатаев. «Ауырмай жаным қиналды!»

Oinet.kz 29-08-2019 1333

1450429369_3a4a2274e8d7a715dc31bd6a5e55551f.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c413989.jpg

(І - НҰСҚА)

Ауырмай жаным қиналды,

Ауытқып жүрек орнынан.

Уайым қоршап мені алды,

Жігерім жасып болды нан.

Болса да жүйрік ой ұшқыр,

Өзіме өзім жақпадым.

Өміріме жол нұсқар,

Ақылшы адам таппадым!

Бақытты тіршілік өмірге,

Басылмас менің құмарым!

Алысқан көп ой көңілде,

Кім біледі немен тынарын,

Жүректе - сәуле, ойда - шам,

Жарығы шықпай ішімнен.

Ауырмай жаным қиналам,

Жадына сақтар түсінген.

(ІІ - НҰСҚА)

Ауырмай жаным қиналды,

Ауытқып жүрек орнынан.

Уайым қоршап мені алды,

Жігерім жасып болды нан.

Бақытсыз сорлы болдым да,

Өмірдің кештім батпағын.

- Адаспа, қалқам, жол мұнда,

Деп айтар адам таппадым.

Жүректе - сәуле, ойда - шам,

Шықпады іштен жарығы.

Ауырмай жаным қиналам,

Көңілдің өртеп жалыны.

Мұқағали Мақатаев. «Бұл қалай?!»
Мұқағали Мақатаев. «Түнгі табиғат»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу