Мұқағали Мақатаев. «Бұл қалай?!»

Oinet.kz 29-08-2019 885

1450429369_3a4a2274e8d7a715dc31bd6a5e55551f.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c413989.jpg

(І - НҰСҚА)

Ұдайы болды екі түн

Төсекте тыныш жатпаймын.

Әлекке салып әлдекім,

Мұжылып біткен заттаймын.

Ілінсе кезім ұйқыға,

Келеді жетіп бөгде жан

Үңіліп қарап сыйқыңа,

"Кім екен?" - деп таңданам.

Қарасам байқап жуықтап,

Жүректің сөнген жұлдызы.

Жарымнан мені суытпақ,

Көрініп бей не қырмызы.

Құлшына бірақ құшақ жайып,

Түсінгің жүрек семгенін!

Сәулең сөніп, нұрын тайып,

Бұл қалай енді келгенің?!

(ІІ - НҰСҚА)

Ұдайы болды екі түн,

Төсекте тыныш жатпаймын.

Әлекке салып әлдекім,

Мүжіліп біткен заттаймын.

Ілінсе көзім ұйқыға,

Келеді жетіп бөгде жан.

Үңіліп қарап сыйқыңа,

Кім екен деп таңданам!

Қарасам байқап жуықтап,

Жүректің сөнген жұлдызы.

Сүйгенімнен суытпақ,

Көрініп бейне қырмызы.

Қаралы көңілім көмірден,

Махаббат өлген сен үшін,

Болғанда ұмыт көңілден,

Бұл қалай енді келісің?

Мұқағали Мақатаев. «Түс»
Мұқағали Мақатаев. «Ауырмай жаным қиналды!»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу