Мұқағали Мақатаев. «Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін»

Oinet.kz 28-08-2019 1492

1450429369_3a4a2274e8d7a715dc31bd6a5e55551f.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c413989.jpg

Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін,

Алынбаған ақым бар сенде менің.

Бұйрат құмдар - бұйығып шөлдегенім,

Бура бұлттар - бусанып терлегенім.

Аспанындай кей сәтте күрсінемін,

Жас талындай жауқазын бүршік едім.

Кең дүние, керемет қалпыңменен,

Жүрек болып кеудеме кірші менің.

Байтақ ел, балауса тау, бозаң далам,

Секілді бәрі менен көз алмаған»

Кең дүние, кенде етсең сыбағамнан,

Шырылдаған сәбидей мазаңды алам.

Абай Құнанбайұлы. Мұқаммаразға
Абай Құнанбайұлы. Не iздейсiң, көңiлiм, не iздейсiң
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу