Абай Құнанбайұлы. Жұмбақ (Алла мықты жаратқан сегіз батыр)
ЖҰМБАЌ
Алла мыќты жаратќан сегіз батыр,
Баяғыдан соғысып әлі жатыр.
Кезек-кезек жығысып, жатып-тұрып.
Кім жығары белгісіз түбінде аќыр.
Ш е ш у і:
Мұны тапсам ойланып, аќын деңіз,
Таба алмасам, аќылды болар неміз?
Ќыс пенен жаз, күн мен түн, таќ пенен жұп.
Жаќсылыќ пен жамандыќ— болды сегіз.